Қоғам

КӘСІПОДАҚ МҮШЕЛЕРІНЕ ҚҰҚЫҚТЫҚ СЕМИНАР ӨТТІ

Түркістан облысы Табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының «Созақ орман және жануарлар әлемін қорғау жөніндегі мемлекеттік мекемесі» КММ-нің бастауыш кәсіподақ ұйымында «Түркістан облысы кәсіподақтар орталығы» аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің бас маман заңгері Ерлан Жандарбеков пен кәсіподақ активінің қатысуымен Қазақстан Республикасы еңбек заңнамасына сәйкес, еңбек адамының құқықтарын қорғау мәселелері бойынша семинар өтті.

Жиында кәсіподақ мүшелеріне жұмыскердің негізгі құқықтарымен міндеттері, жұмыс берушінің негізгі құқықтарымен міндеттері, мүгедектігі бар адамдардың еңбек құқықтары жайында және Қазақстан Республикасы «Еңбек кодексі» енгізілген соңғы өзгерістер бойынша мағлұматтар берілді.

Бұдан басқа, жиын барысында аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің бас маман заңгері кәсіподақ мүшелеріне жұмысшылардың еңбек мүдделері мен құқықтарын қорғау мақсатында «Түркістан облысы кәсіподақтар орталығы» аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің жанынан құрылған «Татуластыру орталығы» мен «Заң клиникасы»-на қандай да бір мәселе төңірегінде заңгерлердің көмегіне жүгініп, тегін құқықтық кеңес алуға болатынын жеткізді.

Жиын соңында кәсіподақ мүшелері пікір алмасып, өз ойларында жүрген құқықтық сұрақтарын қойып, оларға тиісті жауаптарын алды.

Қатысты жаңалықтар

ЗАҢ КЛИНИКАСЫНДА КЕЗЕКТІ ҚАБЫЛДАУ ЖҮРГІЗІЛДІ

azatmedia

КӘСІПОДАҚ МІНБЕРІ: Ұстаз – ұлағатты ұлы тұлға

azatmedia

Әкімдік әлеуметтік тұрғыда аз қамтылған отбасыларды назарынан тыс қалдырмаған

azatmedia