Қоғам Соңғы жаңалықтар

25 мың теңгелік телефон ұрлаған атыраулықтың қанша жылға сотталғаны белгілі болды

Атырауда телефон ұрлаған ер адамның бас бостандығы шектелді, – деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Облыстық Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, 37 жастағы ер адам танысының «NOKIA» маркалы телефонын ұрлаған.

«Жәбірленуші Махамбет аудандық полиция бөліміне арызданып, құны 25 мың теңге тұратын «NOKIA» маркалы телефонын біреу ұрлап кеткенін айтқан. Соңғы рет үйінде 37 жастағы танысы қонақта болыпты. Олар бірге ішімдік ішіп, артынша жәбірленуші ұйықтап қалған.

Ал, күдікті азамат «ұялы телефонды ойнап алып кеттім» деп ақталып, келесі күні полиция қызметкерлері арқылы телефонды қайтарып берген.Тексеру кезінде күдіктінің бұрын да сотты болғаны анықталды. Сотталушының кінәсі сот тергеуінде зерттелген іс материалдарымен дәлелденді», – деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметі.

Күдікті Қылмыстық кодекстің 188-бабымен (Ұрлық) кінәлі деп танылып, оған түпкілікті екі жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.

Қатысты жаңалықтар

В ШЫМКЕНТЕ НАСЧИТЫВАЕТСЯ ОКОЛО 2 ТЫСЯЧ РАБОТНИКОВ КУЛЬТУРЫ

azatmedia

ШЫМКЕНТТІК ХҚО-ДА ДАЙЫН ҚҰЖАТТАРДЫ ЖЕТКІЗУ ҚЫЗМЕТІ ІСКЕ ҚОСЫЛДЫ

azatmedia

С НАЧАЛА ГОДА ПОГАШЕНА ЗАДОЛЖЕННОСТЬ ПО ЗАРАБОТНОЙ ПЛАТЕ 1 959 РАБОТНИКАМ

azatmedia