Қоғам

Оқушылар мектепке қашан барады деген сұраққа министр жауап берді

Аймағамбетов

Білім беру онлайн платформаларына қойылатын бірыңғай талаптар әзірленеді. Бұл туралы ҚР Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов мәлім етті, деп хабарлайды Azatmedia.kz ақпараттық порталы ҚазАқпарат сайтына сілтеме жасап.

«Орта білім саласына тоқталсақ, қашықтан оқыту аясында отандық нарыққа сегізден астам білім беру платформасы шығуда. Бірақ платформалардың функционалы мен мүмкіндіктері әртүрлі. Министрлік оқыту процесін толыққанды іске асыру үшін қажетті функционалды алуға мүмкіндік беретін білім беру онлайн платформаларына қойылатын бірыңғай талаптарды әзірлеп, біріздендіріп, іске асыратын болады», – деді министр Үкіметтің отырысында.

Сонымен қатар ол оқытудың дәстүрлі күндізгі форматына қайтару қадамына тоқталды. «Білім беру ұйымдарын оқытудың дәстүрлі күндізгі форматына қайтарудың тиісті тәртібі Денсаулық сақтау министрлігімен бірге әзірленеді», – деді А. Аймағамбетов. Бұдан бұрын хабарланғандай, Жолдау кезінде Президент толыққанды оқу үдерісі үшін қажетті барлық функциялары бар бірыңғай онлайн білім беру платформасын шұғыл әзірлеуді тапсырды. Мұнымен қоса, Мемлекет басшысы білім алудың қалыптасқан дәстүрлі тәсіліне қайта көшудің тәртібін әзірлеуді жүктеді.

Қатысты жаңалықтар

Балалардың көзінше төбелескен ене мен келін ел алдында ұятқа қалды (видео)

azatmedia

Әділетті қоғам орнату – елдің арманы

azatmedia

ҚАЗІР МӘСЕЛЕНІ АЙҚАЙМЕН ЕМЕС, АҚЫЛМЕН ШЕШЕТІН КЕЗЕҢ

azatmedia

Пікір қалдыру