«Қызмет» мемлекеттік, банк мекемелері және қоғамдық қызмет көрсету қызметкерлерінің салалық кәсіподағы» ҚБ-нің Түркістан облысы Сарыағаш аудандық кәсіподақ комитетінің төрағасы Шырынбек Ешанқұлов «Сарыағаш ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің «Аялы алақан» және «Қамқор» әлеуметтік қызметтер көрсету орталығы» КММ-нің қызметкерлерімен кездесті.Кездесу барысында мекеменің директоры Зарипа Арзыкулова мүмкіндігі шектеулі жандарға олардың құқықтары, жеңілдіктері, әлеуметтік көмектері қолжетімді болуы керек мақсатында осындай мекеменің құрылғаны жайлы түсіндіріп өтті. Қазіргі уақытта оларға мекемеде 17 қызметкердің көрсететінін қызметтері жайлы таныстырды.
Кәсіподақ төрағасы Шырынбек Ешанқұлов «ҚР Еңбек кодексі», «ҚР «Кәсіптік одақтар туралы» заңдарының талаптарын жүзеге асыру шараларын өткізу бойынша: Ұжымдық шарт түзу, Келісу комиссиясын құру, олардың жұмыстарын жүргізу, лайықты еңбекке лайықты жалақы алу мәселесі, еңбекті қорғау және еңбек қауіпсіздігін сақтау мәселелері туралы, сондай-ақ еңбек қатынастары бойынша әдістемелік және құқықтық көмек көрсету жұмыстары жайлы айтып, қойылған сұрақтарға жауаптар берілді.
Кездесу барысында мекемеде бастауыш кәсіподақ ұйымы құрылып, бастауыш кәсіподақ ұйымының төрағасы болып Ғани Аубакир сайланды. Қызметтеріңізге сәттілік тілейміз!