«AMANAT» партиясы Арыс қалалық филиалы жанындағы «Байырқұм» бастауыш партия ұйымының төрайымы Гүлмира Әуезованың ұйымдастыруымен «Біз сыйға берген домбыра» атты кездесу кеші өтті.
Мақсаты: Партияның «Ұлттық мұра» жобасын насихаттау, болашақ ұрпақтың бойындағы құндылықтарды дәріптеу және балаларды қорғау күніне орай болашақ ұрпаққа өшпес із қалдыру.
Қазақ пен домбыра – егіз ұғым. Оларды бір-бірінен ажырату әсте мүмкін емес. Ұрпақтан-ұрпаққа аманат ретінде беріліп келе жатқан музыкалық аспапты насихаттау жұмыстары жоғарғы деңгейде жүргізілуі тиіс.
Кездесу кеште «AMANAT» партиясы Арыс қалалық филиалының төрағасы Бақтығали Ділдәбеков шараға демеушілік көрсеткен бірқатар азаматтарды партияның арнайы Алғыс хаттарымен марапаттады. Келген қонақтарға «Байырқұм» бастауыш партия ұйымының төрайымы Г.Әуезова өз алғыстарын білдіріп, арнайы құнды кітаптарды табыс етті.
Сондай-ақ, алдағы уақытта домбыра үйірмесін ашып, ұрпақтардың ұлттық аспапқа деген қызығушылықтарын арттыруға ықпал ететіндерін айтып өтті.
Көзге көріне бермейтін, мәні зор домбырадан қалыптасқан тәрбие үлгісі адамның ой ұшқырлығын шыңдауға, ата-бабадан кәсіп болған дәстүрді дамытуға, өнер арқылы білімге терең бойлауға мүмкіндік тудыратыны анық.