Бүгін Ақсукент ауылында «Қоғамдық келісім» КММ-ң Сайрам аудандық филиалының ұйымдастыруымен Түркістан облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясы ХХVI сессиясының хаттамалық тапсырмасына сәйкес, ақпараттық-насихаттық тобының мүшелері аудандық түрік этномәдени бірлестігінің және неміс этномәдени бірлестігінің көшбасшыларымен кездесті.
Кездесуде «Қоғамдық келісім» КММ-нің Сайрам аудандық филиалы басшысы Айтбаев Базарбай Мамадиярұлы өз сөзінде: Қазақстан халқының рухани- мәдени құндылықтарын сақтай отырып аудан аумағында тұрып жатқан 39-дан астам этнос өкілдері киелі шаңырақта тату-тәтті, береке мен бірлікте, бейбітшілік пен ынтымақта өмір сүріп жатқандығын, бүгінде аудандық ҚХА жанында 8 этномәдени бірлестік пен 4 құрылым қоғамдық негізде әрекет етеді. Жалпыұлттық бірлік саласындағы мемлекеттік саясат аясында жұмыс істейтін белсенділердің әлеуеті – қоғамдық келісімді сақтау мен қазақстандық патриотизмді дәріптеу бағытындағы жобаларға жұмылдырылғанын және атқарылып жатқан жұмыстарына тоқталып өтті.
Жарыссөзге шыққан түрік этномәдени бірлестігінің көшбасшысы, Сайрам ауданының құрметті азаматы Яша Чилингаров: Бабаларымыз ұрпақтарына ұлттық құндылықтар жетсін, тарихымыз сақталып қалсын деп қаны мен терін осы жерге төккен. Осыны біле тұрып, біз қалайша еліміздің құндылығын ұмыта аламыз? Керісінше, біз тілімізді, дәстүрлерімізді өсіп келе жатқан ұрпақтарға нассихаттауымыз қажет -деді.
Сондай-ақ неміс этномәдени бірлестігінің жетекшісі Александра Утвенко: Біздің спортсмендер туымызды көкке көтеріп, елімізді бүкіл әлемге танымал етіп жатыр. Шетелге барған жастар шетелде отырып, оюлы домбырамыздың қоңыр үнін тыңдатады, ұлтымыздың құндылығын, рухын көтереді.Әрине, біз ұлттық құндылықтардың әрқайсысын құрмет тұтуымыз қажет. Себебі ұлттық құндылықтар – ұлттың қазынасы – деді.Басқосу барысында қатысушылар өздерін қызықтыратын сұрақтарға тұшымды жауаптар алды.
Сонымен бірге, «Қоғамдық келісім» КММ-ң Сайрам аудандық филиалының ұйымдастыруымен Ақсукент ауылында орналасқан «Алтын адам тігін фабрикасы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің тігін цехында Қазақстан халқы Ассамблеясы сессиясының тапсырмаларын насихаттау бойынша ақпараттық-насихаттық тобының фабрика ұжымымен кездесуі өтті.
Кездесуде «Қоғамдық келісім» КММ-нің Сайрам аудандық филиалы басшысы Айтбаев Базарбай Мамадиярұлы өз сөзінде: Қазақстан халқы Ассамблеясының ХХХІІІ сессиясында Мемлекет басшысы Қ.К.Тоқаев ауқымды жұмыстың негізгі бағыт-бағдарын айқындады. Ұлттық құрылтайдың ІІІ отырысында айтылған құндылықтарды іске асыруда Ассамблеяның зор әлеуетін тиімді пайдалануды жүктеп, идеологиялық бағыттағы басымдықтарды нақтылап, бірқатар тапсырмалар берді.
Қоғамдық келісім мен елдің бірлігін нығайту бағытында мемлекеттік саясатты іске асыру барысында қазақ халқының өнегелік салт –дәстүрлері – сан ғасырлар бойы әр ұлттың, халықтың өзіндік дүниетанымына, тұрмыс тіршілігіне, өмір салтына сәйкес жинақталып, қалыптасқан рухани байлығы.
Қазақ халқы ұлттық салт-дәстүрлерді құрметтеп, оларды қалтқысыз орындау арқылы барлық әлеуметтік қарым-қатынасты реттеп отырған, яғни, ел ішінде туындайтын әлеуметтік мәселелерді ата дәстүрі жолымен шешкендігін, бүгінгі таңда Қазақстан халқының рухани- мәдени құндылықтарын сақтай отырып аудан аумағында тұрып жатқан 39-дан астам этнос өкілдері киелі шаңырақта тату-тәтті, береке мен бірлікте, бейбітшілік пен ынтымақта өмір сүріп жатқандығын айтты.
Айта кетейік, бүгінде аудандық ҚХА жанында 8 этномәдени бірлестік пен 4 құрылым қоғамдық негізде әрекет етеді. Жалпыұлттық бірлік саласындағы мемлекеттік саясат аясында жұмыс істейтін белсенділердің әлеуеті – қоғамдық келісімді сақтау мен қазақстандық патриотизмді дәріптеу бағытындағы жобаларға жұмылдырылғанын және атқарылып жатқан жұмыстарына тоқталып өтті.