Түркістан облысы Ордабасы ауданы Шұбарсу ауылы «Балтабай Нұрлыбеков атындағы жалпы білім беретін мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі әрі директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Аралбаева Назым Өмірзаққызы.Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары қызметін атқарып жүрген Аралбаева Назым Өмірзаққызының жас ұрпақты тәрбиелеу барысында еңбегі айтарлықтай елеулі.Аралбаева Назым Умирзаковна 1975 жылы 06 ақпанда Өзбекстан Республикасы Жыззақ облысы Фарыш ауданы Шымқорған совхозында қарапайым отбасында дүниеге келген. Фарыш ауданына қарасты С.Мұқанов атындағы негізгі орта мектебінде негізгі мектепті бітіріп, Ы.Алтынсарин атындағы жалпы орта мектебін 1991 жылы бітірді. Педагогикалық еңбек жолын 1991-1992 жылы С.Мұқанов атындағы мектепте аға вожатый болып бастады. 1992-1996 жылы Алматы қаласындағы Қазақтың Мемлекеттік Қыздар педагогикалық институтының филология факультетінің күндізгі бөлімін бітіріп , ұлт мектептеріндегі қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі мамандығы бойынша диплом алды. Педагогикалық еңбек жолын 1996 жылы Өзбекстан республикасында Ы.Алтынсарин атындағы жалпы орта мектебінде қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі болып жалғастырды.2002 жылы отбасылық жағдайымен Қазақстан Республикасы Оңтүстік Қазақстан облысы Ордабасы ауданы Шұбарсу ауылына қоныс аударуына байланысты Ордабасы ауданының Шұбарсу негізгі мектебіне қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі болып жұмысқа қабылданады. Балтабай Нұрлыбеков атындағы жалпы білім беретін мектепте 22 жыл бойы еңбек етіп келе жатқан Назым Өмірзаққызы 2019 жылы директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары қызметіне тағайындалады. Жас ұрпаққа сапалы білім, саналы тәрбие беруде Назым Өмірзаққызының еңбегі орасан. Мыңдаған шәкірттің жүрегіне жол таба білген, мыңдаған шәкірттің бойына ұлттық құндылықты сіңіре білген педагог өз шәкірттерімен мақтана алады.Білімі-жоғары. Санаты: Педагог-зерттеуші. 33 жыл педагогика саласында қызмет атқарып келе жатқан, білікті маман. Аталмыш мектепте 2019 жылдан бері директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары қызметін атқаруда.Шыдамдылығы мен шеберлігінің, біліктілігінің, іскерлігінің арқасында қол жеткізген жетістіктеріне тоқталайық.2013 жылы Педагогикалық шеберлік орталығында Бірінші (ілгері) деңгей біліктілік курсынан өткен Назым Өмірзаққызы шығармашылық, көшбасшылық міндетін жауапкершілікпен атқарды.2017 жылы «Оқу-тәрбие үрдісіндегі тиімді әдіс-тәсілдер» атты әдістемелік көмекші құралы мектепішілік көлемде таратылды.2018 жылы Оңтүстік Қазақстан облысы білім басқармасы Оңтүстік Қазақстан облысының әдістемелік кабинетінен «Критериалды бағалау жүйесі: теория және тәжірибе» тақырыбындағы облыстық тәжірибелік семинарда жоғары дәрежедегі инновациялық идеялары және тәжірибесімен бөліскені үшін марапатталды.2018 жылы Республикалық «Педагогикалық идеялар фестивалінің» аудандық кезеңінде жүлделі ІІІ орын иеленгені үшін марапатталды.2019 жылы білім беру саласының өркендеуі жолында адал қызмет жасап, еңселі еліміздің келешек тірегі – жас ұрпақты білімді азамат етіп қалыптастыруда жоғары жауапкершілік көрсетіп, ерекше үлес қосқаны үшін марапатталды.2020 жылы Ордабасы аудандық білім бөлімі ұйымдастырған «Үздік тәрбие жұмысының жүйесі» байқауында педагогикалық шеберлігі мен озат тәжірибесін, ұйымдастырушылық қабілетін жоғары деңгейде көрсеткені үшін марапатталды.2020 жылы Түркістан облысының адами әлеуетті дамыту басқармасы облыстық әдістемелік орталығы ұйымдастырған «Үздік тәрбие жұмысының жүйесі» тақырыбындағы Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасарларының облыстық байқауында бас жүлде иеленгені үшін марапатталды.2020 жылы Түркістан облысының адами әлеуетті дамыту басқармасының «Білім беруді дамыту орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінен «Дәстүрлілік пен жаңашылдықты үндестіре отырып тәрбие жұмысын ұйымдастыру» тақырыбындағы облыстық тәжірибелік семинарда жоғары дәрежедегі инновациялық идеялары және тәжірибесімен бөліскені үшін марапатталды.2020 жылы «Түркістан облысының әдістемелік орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінен жалпы орта, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдары педагог қызметкерлерінің педагогикалық шеберлігін дамыту, кәсіби біліктілігін арттыру мақсатында өткізілген «Ең білімді педагог – 2020» ІV облыстық пән олимпиадасының І орын иегері ретінде марапатталды.2020 жылы Халықаралық ғылым мен білімді қолдау орталығынан Тәуелсіз Қазақстанның рухани даму жолында ұрпақ тәрбиесіне сіңірген еңбегімен және білім саласының дамуына қосқан үлесі үшін марапатталды.2020 жылы Ордабасы аудандық білім бөлімінен «Бастауыш сынып сабақтарында оқытудың жаңа әдіс-тәсілдерін тиімді пайдалану» тақырыбындағы аудандық тәжірибелік семинарда жоғары дәрежеде ұйымдастыруға белсенділік танытқаны үшін марапатталды.2021 жылы «Тәрбие жұмысын «Үздік сынып» және «Үздік сынып жетекшісі» кубогі жобасы негізінде ұйымдастыру» тақырыбында әдістемелік құрал жазып мектепішілік таратылды.2021 жылы Түркістан облысының адами әлеуетті дамыту басқармасы Түркістан облысының әдістемелік орталығынан «Оқу-тәрбие үрдісінде психологиялық кеңес беру жолдары» тақырыбындағы облыстық тәжірибелік семинарда озық идеялары мен тәжірибесімен бөлісіп, үздік сабақ көрсеткені үшін марапатталды.2022 жылы Ордабасы ауданының адами әлеуетті дамыту бөлімінің сараптамалық кеңесінің шешімімен әдістемелік нұсқаулық баспаға ұсынылды.2021 жылы Түркістан облысының адами әлеуетті дамыту басқармасы облыстық әдістемелік орталығынан ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай білім жүйесін дамытуға қосқан үлесі және кәсіби қызметтегі озат табысы мен жас ұрпақты оқытудағы жоғары жетістіктерім үшін марапатталды.2022 жылы Түркістан облысы Ордабасы аудандық адами әлеуетті дамыту бөлімінің Аудандық тамыз педагогикалық оқуындағы құнды баяндамасы мен озат педагогикалық тәжірибесі үшін марапатталды.2022 жылы ҚР Білім және Ғылым Министрлігінің «Өрлеу» БАҰО Түркістан облысы және Шымкент қаласы бойынша Педагогикалық қызметкерлердің біліктігін арттыру институтынан мемлекеттіміздің рухани әлеуетін нығайту мен білім беру сапасын арттыру саясатын жүзеге асыруда кәсіби жаңашылдығы, үздіксіз ізденімпаздығы және жоғарғы нәтижелері үшін марапатталды.2022 жылы Түркістан облысы адами әлеуетті дамыту басқармасы Түркістан облысы әдістемелік орталығы «Оқу-тәрбие үрдісінде психологиялық кеңес беру жолдары» тақырыбындағы облыстық тәжірибелік семинарда озық идеялары және тәжірибесімен бөлісіп, үздік сабақ көрсеткені үшін марапатталды.2022 жылы Түркістан облысы адами әлеуетті дамыту басқармасы «Түркістан облысының әдістемелік орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінен мемлекетіміздің рухани әлеуетін нығайту мен білім беру сапасын арттыру саясатын жүзеге асыруда кәсіби жаңашылдығы, үздіксіз ізденімпаздығы және жоғары нәтижелері үшін марапатталды.2022 жылы «AMANAT» Партиясының стратегиялық бағытын, партияның бағдарламалық мақсаттары мен міндеттерін іске асыруға, сондай-ақ еліміздің қоғамдық-саяси өміріне белсенді атсалысқаны үшін марапатталды.2022 жылы Ордабасы ауданының адами әлеуетті дамыту бөлімінен аудандық тамыз педагогикалық оқуындағы құнды баяндамасы мен озат педагогикалық тәжірибесі үшін марапатталды.2022 жылы Ордабасы аудан әкімдігінен елдің ертеңі болашақ жас ұрпақтың бойына білім мен өнерді, адамгершілік пен адалдықты, рухани байлық пен ұлттық қасиеттерді сіңіріп, оларды тұлғалы азамат етіп қалыптастырудағы еңбегі үшін алғыс хат алды.2023 жылы Ордабасы ауданының адами әлеуетті дамыту бөлімінен «Ата-аналар жиналысын өткізудің инновациялық тәсілдері» тақырыбындағы облыстық тәжірибелік семинарда озық педагогикалық іс-тәжірибесін, жаңаша әдіс-тәсілдерін көрсете білгені үшін марапатталды.2023 жылы Ордабасы ауданының адами әлеуетті дамыту бөлімінен жас ұрпаққа рухани-адамгершілік білім беру, жалпы адамзаттық құндылықтарды дамыту, қоғамға қызмет ету қажеттілігін нығайту ісіне үлес қосқаны үшін марапатталды.«Ұстаз… жаратылысынан өзіне айтылғанның бәрін жете түсінген, көрген, естіген және аңғарған нәрселердің бәрін жадында жақсы сақтайтын, ешнәрсені ұмытпайтын… алғыр да аңғарымпаз ақыл иесі…, мейлінше шешен, өнер-білімге құштар, аса қанағатшыл жаны асқақ және ар-намысын ардақтайтын, жақындарына да, жат адамдарына да әділ…, жұрттың бәріне… жақсылық пен ізгілік көрсетіп…қорқыныш пен жасқану дегенді білмейтін батыл, ержүрек болуы керек.» – деп Әл-Фараби айтқандай, Назым Өмірзаққызының бойынан Ұстазға лайық жаратылысты, өнер-білімге құштарлықты, қанағатшылдықты, ар мен намысты, әділдікті, онымен қатар жұрттың бәріне бірдей қарым-қатынас жасайтын, жақсылық пен ізгілікті көреміз.
Алдынғы жаңалық
Келесі жаңалық