Жаңалықтар

Халық қалаулылары қоғамдық қабылдаулар алаңында бірқатар азаматтарды қабылдады

«AMANAT» партиясының жемісті жүзеге асып жатқан жобаларының бірі – қоғамдық қабылдаулар алаңы. Халықпен көзбе-көз кездесіп, мұң-мұқтаж, ұсыныс-тілегін өз ауызынан есту – мемлекеттің әлеуметтік бейнесін анық түсініп, қоғамдық тынысын айқын сезінуге бірден-бір таптырмас тәсіл.«AMANAT» партиясы Сауран аудандық филиалының ұйымдастыруымен аудандық мәслихат депутаты Мусабеков Бағлан Оразбекұлы қоғамдық қабылдау өткізді. Жалғасын тапқан көшпелі қоғамдық қабылдау Шорнақ ауылдық округі, Қосмезгіл елдімекенінің тұрғындарын қабылдады. Ауыл тұрғыны Э.Исаев Қос мезгіл елді мекенінде интернет желісінің сапасы өте төмендігін айтып, Belline-Altel операторларының сапасы сын көтермейтіндігін жеткізді.

Н.Акешов: Шаяхметов көшесіне қосымша аялдама қою жөнінде ұсыныс білдірді және Нұр Строй компаниясы жол салғанда көше қиылыстарын бітірмей кеткен, көлік қозғалысына қиындық туғызып жатыр.Ә.Исаев: Қосмезгіл елді мекені, жаңа учаскадағы диірмен алдындағы көпір құрылысының сапасы жақсы емес, ауыр жүк көліктері өте алмайды. Қазіргі таңда құрылыс жұмыстары тоқтап қалған. Қосымша плиталар қойып құрылысты қайта жандандыруға ықпал жасауын сұрады.Р.Рахимов: Қосмезгіл елді мекенінін балалар ойын алаңшасы мен Футбол алаңшаларын салып берсеңіздер деген өтінішін білдірді. Ө.Қоңырбаев: Қосмезгіл елді мекеніндегі көшелерге столбалар аз қойылған және Шорнақ көшесіне бетон столбалар қою керектігін айтып, ескірген столбаларға жөндеу жұмыстарын жүргізуге ықпал жасауын сұрады.

Халықтың арыз, өтініш, ұсыныстарына жеке-жеке тоқталған Б.Мусабеков заң аясында түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Ал шешімін таппай жүрген мәселелер бойынша алдағы уақытта тиісті мекемелермен бірлесе отырып жұмыс атқаратындығын жеткізді.

«AMANAT» партиясы Сауран аудандық филиалының жұмыс жоспар кестесіне сай аудандық мәслихат депутаттарының қоғамдық қабылдаулары Жібек жолы ауылдық округінде жалғасты. Кезекті қоғамдық қабылдауды аудандық мәслихат депутаты Раматуллаев Арсылан Серікұлы өткізді. Қабылдауға «AMANAT» партиясы Сауран аудандық филиалының консультанты Н.Бабичев және ауыл тұрғындары қатысты.

Қабылдауға келген ауыл тұрғыны Б.Нуртаев: қазіргі таңда Жібек Жолы ауылдық округіне қарасты Сауран және Ескі Сауран ауылдарына Шорнақ ауылынан келетін 15 км жол жүргізілуде. Сауран ауылынан өтіп, Н.Байкулаков көшесіне қосылуына байланысты Н.Байкулаков көшесін кеңейтуді ұсынды.

Ауыл тұрғыны Г.Ибраимова Сауран ауылынан салынған Воркаунт жұмыстары толық бітпеген, атап айтқанда; футбол алаңшасының сызбалары сызылмаған, футбол қапасының сеткасы жоқ екендігін айтты және бұл воркаунт А.Оразбаева көшесінің бойына орналасқандықтан жеңіл көліктердің жүруіне байланысты жол кедергісі (лежащие полицей) орнатылса деген ұсынысын білдірді.

Ауыл тұрғыны Н.Шардарбекова күйеуіне ота жасалған, қазіргі таңда жұмысқа жарамсыз болып қалуына байланысты мүгедектікке шығарып беруге ықпал жасауын сұрады.Сауран аудандық мәслихат депутаты А.Раматуллаев ауыл тұрғындарының көтерген әрбір мәселелеріне жеке-жеке тоқталып түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Н.Байкулаков көшесін кеңейту бойынша тиісті мекемелермен бірлесе жұмыс жасайтындығын жеткізді.

«AMANAT» партиясы Сауран аудандық филиалының ұйымдастыруымен аудан әкімінің орынбасары қоғамдық қабылдау өткізді. Аудандық партия филиалында жалғасын тапқан қоғамдық қабылдауды аудан әкімінің орынбасары Букебаев Бақытжан Кеңесбекұлы ауыл тұрғындарының арыз-өтініш, ұсыныстары бойынша қабылдады. Қабылдауға «AMANAT» партиясы Сауран аудандық филиалының төрағасы С.Асылбеков және ауыл тұрғындары қатысты.

Қабылдауда болған Шорнақ ауылының тұрғыны Айтмаханов Омар Мұстапаұлы балабақшалардың жұмысын қадағалау және Аша елдімекеніне талапқа сай балабақша салу керектігін айтып, аудандағы бірқатар әлеуметтік мәселелерді көтерді. Мәселелерін мұқият тыңдаған аудан әкімінің орынбасары Б.Букебаев балабақшалардың жұмыс барысын тиісті мемлекеттік мекемелер үнемі қадағалауда ұстап отырғандығын жеткізіп, Аша елді мекенінен балабақша салу бойынша заң талаптары түсіндірілді. Қоғамдық қабылдауға келген өзгеде азаматтардың мәселелері бойынша заңға сәйкес түсіндірме жұмыстарын жүргізді.«AMANAT» партиясы Сауран аудандық филиалының кезекті қоғамдық қабылдауы Жаңа Иқан ауылдық округінде жалғасын тапты. Тұрғындардың арыз өтініштері бойынша Сауран аудандық мәслихат депутаты Ирисбаев Дилмухаммад Хашимович қабылдады. Қабылдауға келген ауыл тұрғындары төмендегідей мәселелерді көтерді;. Ауылдағы Аль-Фараби, Достық көшелеріндегі көпірлерге жөндеу жұмыстары жүргізілсе. Жаңа Иқан елді мекеніне воркаут, футбол және балалар алаңшасын ашу. Ибата елді мекеніндегі спорт зал құрылысына ЖСҚ әзірлеу. Ибата елді мекеніне ауыз су ұңғымасын қазу. Елді мекеніндегі табиғи газ жүйесіне қосылмай қалған абоненттерге жоба дайындау және сапалы электр желісімен қамтамасыз ету.

Халықтың көтерген әрбір мәселелерге жеке-жеке тоқталып, түсіндірме жұмыстарын жүргізген аудандық мәслихат депутаты Д.Ирисбаев: – Жаңа Иқан ауылының 2024 жылға арналған жалпы бюджеті-94 258 мың теңге, оның ішінде Аль-Фараби, Достық көшелеріндегі көпірлерге жөндеу үшін бюджеттен ақша бөлінген. Ал воркаут, футбол және балалар алаңшасын ашу, спорт зал құрылыстарына бюджеттен қаржы бөлініп, алдағы уақытта құрылыс жұмыстары жүргізуге ықпал жасайтындығын жеткізді.«AMANAT» партиясы Сауран аудандық филиалының ұйымдастыруымен Ораңғай ауылдық округінде көшпелі қоғамдық қабылдау өтті. Ауыл тұрғындарының арыз өтініштері бойынша аудандық мәслихат депутаты Жусупов Адрурашит Абдуллаұлы қабылдады.

Қабылдауға Түркістан облыстық мәслихат депутаты Б.Сүлейменов , аудандық партия филиалының төрағасы С.Асылбеков және ауыл тұрғындары қатысты.Қабылдауда болған ауыл тұрғыны Қ.Байметова ауылдан Түркістан қаласына қоғамдық көлік жүргізілсе деген ұсынысын білдірді. Бұл мәселе бойынша Түркістан облыстық мәслихат депутаты Б.Сүлейменов заң аясында қарап, қоғамдық көлік жүргізуге ықпал жасайтындығын жеткізді.

Қабылдау барысында газ мәселесін көтерген Ораңғай ауылының тұрғыны Р.Камалова: ауылға газ қашан кіргізілетінін сұрады. Сұрағын мұқият тыңдаған аудандық мәслихат депутаты А.Жусупов: -Қарашық, Жүйнек, Ораңғай ауыл округтеріне газ кіргізу үшін мемлекеттік сараптамадан 7,9 км өткен. Биылғы жылы 20 трансформаторлар орнатылған енді магистраль келсе, келесі жылға газ кіргізу жұмыстары жүргізілетіндігін жеткізді.«AMANAT» партиясы Сауран аудандық филиалының арнайы бекітілген кестесіне сай, аудандық мәслихат депутаты Рысбеков Сәбит Дайрабайұлы Үшқайық ауылдық округі, Нұртас елдімекенінде қоғамдық қабыладу өткізді. Қабылдауға Түркістан облыстық мәслихат депутаты Сүлейменов Баймахан, Аудандық партия филиалының төрағасы Асылбеков Сағынбек және ауыл тұрғындары қатысты.

Қабылдауда ауыл тұрғыны Н.Сәулебаев Нұртас ауылындағы жол мәселесін көтерді, оның ішінде Н.Ондасыновтың кесенесіне баратын ұзындығы 1 км ге жуық жолға асфальт салу керектігін айтты.

Ауыл тұрғыны Ж.Құрақбаев Қарашықтан келетін тас арықты күрделі жөндеуден өткізу және Азия груп жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне берілген 750 га сүғармалы жерді игермей жатуына байланысты мемлекетке қайтаруын сұрады. Ауыл көшелеріндегі жарықтандыру мәселесін қолға алынса, Трансформаторлар қойылған алайда іске қосылмағандығын жеткізді.Қабылдау барысында Бурабаев Нұрлыбек есімді ауыл тұрғыны Сырдарияның арнасынан келетін суды жеке кәсіпкерлер ауылға қарай су жібермей отырғандығын жеткізіп аталған мәселелерді шешуге ықпал жасауын өтінді.

Көтерілген әрбір мәселелерді мұқият тыңдаған Аудандық мәслихат депутаты С.Рысбеков заң аясында түсіндірме жұмыстарын жүргізіп, мәселелердің оң шешілуін бақылауға алатындығын жеткізді.«АMANAT» партиясы Сауран аудандық филиалының ұйымдастыруымен Ескі Иқан ауылдық округінде Сауран аудандық мәслихат депутаты Шарапов Хуршид Бахтиярұлы қоғамдық қабылдау өткізді. Қабылдауға облыстық мәслихат депутаты Б.Сүлейменов, аудандық партия филиалының төрағасы С.Асылбеков, ауыл әкімі Д.Саитов және ауыл тұрғындары қатысты.

Қабылдауға келген ауыл тұрғыны М.Патуллаев ауылдағы бірқатар өзекті мәселелерді көтерді:. Ауылдағы ішкі жолдардан өтетін көпірлер бұзылғандығын айтып, жөндеу жұмыстары жүргізілсе;. Батыс-Қытай Батыс-Еуропа тас жолындағы трубалардың биік қойылуына байланысты мал өткелін су басып жатыр;. Қазіргі таңда ауыл тұрғындарының көбісі егістіктеріне құдықтың суын пайдаланады және бұл құдықтар дизельді маторлармен істейтініне байланысты шығынға әкеліп отыр;

Қабылдау барысында ауыл тұрғыны, жеке кәсіпкер И.Закиров ауылда консерва жасау кәсібін жандандыруға мемлекеттен қолдау болса деген ұсынысын білдірсе, Ш.Мамадияров ауылдан балалар алаңшасын салып беруді сұрады.

Халықтың мұң-мұқтажын, ұсыныс пен өтініштерін мұқият тыңдаған облыстық мәслихат депутаты Б.Сүлейменов, аудандық мәслихат депутаты Х.Шарапов көтерілген әр бір мәселелер қараусыз қалмайтындығын және тиісті мекемелермен бірлесе отырып жұмыс атқаратындығын жеткізді. 

Қатысты жаңалықтар

САУРАН АУДАНЫНДА 8000-НАН АСТАМ АУЫЛ ТҰРҒЫНЫ ГАЗҒА ҚОЛ ЖЕТКІЗДІ

azatmedia

ДОСТАСТЫҚ ХАЛЫҚТАРЫНЫҢ МУЗЫКАСЫ

azatmedia

ТҮРКІСТАН: МЕМЛЕКЕТТІК ҚОЛДАУ АРҚЫЛЫ КӘСІБІН АШҚАНДАР КӨБЕЙІП КЕЛЕДІ

azatmedia