«AMANAT» партиясы Сауран аудандық филиалының жұмыс жоспар кестесіне сай Сауран ауданы мәслихат төрағасы, аудандық мәслихат депутаты С.Байсбаев Жүйнек ауылдық округінде көшпелі қоғамдық қабылдау өткізді. Қабылдауға Жүйнек ауылы әкімінің орынбасары Н.Әмзеев, аудандық партия филиалының консультанты Н.Бабичев және ауыл тұрғындары қатысты.
Қабылдауға келген Жүйнек ауылының тұрғыны К.Шарапов Түркістан-Қарнақ көшесінің жалғасына жарық шамдарымен жылдамдықты азайтатын кедергі немесе видео бақылау камералары орнатылса және ауылдың атын қойдыру (афиша) жөнінде ұсынысын білдірді. Ауыл тұрғыны П.Абдусаматов заңсыз салынған үйдің құжаттарын рәсімдеп беруге ықпал жасауын сұрады.
Қабылдау барысында жер мәселесін көтеріп келген Шыпан ауылының тұрғыны Ш.Кожахметова балалар ойын алаңшасын салып беруді сұраса Шекербұлақ елді мекенінің тұрғыны Ф.Алтишова үй кезегіне қойып беруді сұрады.
Халықтың арыз-өтінішін, ұсыныстарын мұқият тыңдаған аудандық мәслихат төрағасы С.Байсбаев көтерілген әрбір мәселеге жеке-жеке тоқталып, түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Жоғарыда аталған мәселелер бойынша алдағы уақытта тиісті мекемелермен бірлесе отырып, заң аясында жұмыс атқаратындығын жеткізді.
«АMANAT» партиясы Сауран аудандық филиалының ұйымдастыруымен Жібек жолы ауылдық округінде Сауран аудандық мәслихат төрағасы, аудандық мәслихат депутаты Байсбаев Сержан Ермекбайұлы көшпелі қоғамдық қабылдау өткізді.Қабылдауға «АMANAT» партиясы Сауран аудандық филиалының төрағасы С.Асылбеков, Сауран аудандық мәслихат депутаты А.Раматуллаев, ауыл әкімі М.Аширбеков, ауыл тұрғындары қатысты. Қабылдауға келген ауыл тұрғындары Жібек жолы ауылдық округіндегі шешімін таппай отырған мәселелер бойынша өтініштерін жеткізді. Қабылдауда болған Қорғалұлы Музаффар Жібек жолы ауылдық округі 2007 жылда құрылып, осы 17 жылдың ішінде әкімшілік ғимаратының жоқтығының салдарынан ауылдағы мәдениет үйін жалға алып отырғандығын баса айтты. Сондай-ақ, ауыл тұрғындары қашан газбен қамтылатындығы жөнінде сұрады.
Өз кезегінде ауыл тұрғыны Н.Тұғанбаева ауылдағы интернет нашар жұмыс жасайтындығын айтып келді. Сонымен қатар Ескі Сауран елді мекенінде балалар алаңшасын салу, Жібек жолы ауылындағы көшелерді жарықтандыру мәселелерін де жеткізді.
Халықтың мұң-мұқтажына құлақ түрген Сауран ауданы мәслихат төрағасы, С.Байсбаев кездесуде көтерілген мәселелерді толық зерттеп, алдағы уақытта мәселелердің оңтайлы шешілуі бойынша тиісті мекемелермен бірлесе отырып, заң аясында жұмыс атқаратындығын атап өтті.