Жаңалықтар

КЕЛЕС: КӘСІПОДАҚ БЕЛСЕНДІЛЕРІ МАРАПАТТАЛДЫ

«23 маусым – Мемлекеттік қызметшілер күні» кәсіби мерекесіне орай, «Келес ауданы әкімі аппараты» мемлекеттік мекемесінде мемлекеттік қызметшілер қатарындағы кәсіподақ белсенділерін құттықтауға арналған жиын өткізілді, деп жазады ауданы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған anyqtimes.kz ақпараттық агенттігі.Жиынға аудан әкімі Жәнібек Ағыбаев арнайы қатысып құттықтау сөз сөйледі. Іс-шарада егеменді еліміздің дамуы жолындағы қызметін адалдықпен атқарып, еңбекшілердің әлеуметтік құқықтары мен мұдделерін қорғауда кәсіподақтағы белсенді қызметтері үшін бірнеше қызметкерге төсбелгісі тағылды сондай-ақ “Қызмет” мемлекеттік, банк мекемелері және қоғамдық қызмет көрсету қызметкерлерінің салалық кәіподақтағы Түркістан облыстық филиалының төрайымы Құлдар Есебаева ханымның құрмет грамотасымен марапатталды. 

Қатысты жаңалықтар

ТҮРКІСТАН: «ОТБАСЫ. ТҰЛҒА. АЗАМАТТЫҚ ҚОҒАМ» АТТЫ АТА-АНАЛАР ФОРУМЫ ӨТТІ

azatmedia

ТҮРКІСТАН: КЕЛЕСТІК ТҰРҒЫН ҚАЙТАРЫМСЫЗ ГРАНТПЕН КӘСІП БАСТАДЫ

azatmedia

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА СҮТ ӨНДІРІСІН ЖАҢА ДЕҢГЕЙГЕ КӨТЕРГЕН «БӨРТЕ МИЛКА» ЖОБАСЫ ТОЛЫҚ ІСКЕ ҚОСЫЛДЫ

azatmedia