Жаңалықтар

ХАЛЫҚ ҚАЛАУЛЫЛАРЫ АУДАН ТҰРҒЫНДАРЫН ҚАБЫЛДАДЫ

«AMANAT» партиясы Сарыағаш аудандық филиалының қоғамдық қабылдау бөлмесінде аудандық филиал төрағасы Қ.Қыстаубаев, Түркістан облыстық маслихатының депутаттары А.Салимов, Ж.Әбдібаев, Сарыағаш аудандық маслихатының депутаттары Д.Оспанова, Н.Делишевтер аудан тұрғындарын қабылдады.

Қабылдауға келген Жібек жолы елді мекенінің тұрғыны Д.Молдабекұлы елді мекен ішінде бос жатқан жерлерге халық игілігіне қажетті құрылыс нысандарын салуға қолдау білдіруді сұрады.А.Алтайұлы бұл мәселені қолдайтындығын айтты. А.Оралов Астана қаласында жоғарғы оқу орынын аяқтап жұмысқа орналаса алмай жүргендігін айтып қолдау сұрады. А.Алтайұлы Қазақстан Республикасы заңдарына сәйкес, бірінші кезекте тестілеуден өтіп, кейін мемлекеттік мекемелерге өтініш білдіруіне болатындығын түсіндірді. Сарыағаш қаласының белсенді азаматы Жұмагүл апай қаланың мөлтек ауданында медициналық пункт салуды, наркодиспансер орталығын ашуды, дәріханалардағы бағаларды реттеуді ұсынды. Н.Пернебайұлы дәріханалардағы нарық бойынша цифрландыру жұмыстарының жасалып жатқандығын және шешімі бар екендігін айтты. Диспансер бойынша қажетті деңгейде көтеріп қолдайтындығын да түсіндірді.

Сарыағаш қаласының тұрғыны Ж.Раманкулов білім басшысының әрекеттерін айтып, заң талаптарына сай жұмыс жасамайтындығында сөз етті. Ж.Әбдібаев бұл мәселе бойынша айналысатын құзырлы органдарға шағымдануы керек екендігін мәлімдеді.Жаңаталап елді мекеніненде келген тұрғындар амбулатория салу мәселесінің шешілуін анықтау мақсатында келіпті.А.Алтайұлы жауапты басқарма басшысымен хабарласып 2025 жылы құрылыс жұмысының жүргізілетіндігін мәлімдеді. Ақжар ауылдық округіндегі «Шұғыла» мемлекеттік бала бақшасының мәселесін жауапты мекмелермен сөйлесіп оң шешілгендігін хабарлады.

«АМАНАТ» партиясы Сарыағаш аудандық филиалының қоғамдық қабылдау бөлмесінде аудандық маслихат депутаты, фракция мүшесі Талман Мұрат Серікұлы тұрғындарды жеке қабылдады. Қабылдауға келген қала тұрғындары көше жарығы, тұрғын үйлерге қойылатын нөмірлер, жол жамау жұмыстары, жол белгілері, трансформаторды ауыстыру, балалар алаңшасындағы ойын құрылғыларының сапасы жайлы мәселелерді айтып шағымданды. М.Талман бұл мәселелерді шешу бойынша жұмыстар жүргізіліп жатқандығын, жауапты мекемелерге жеткізіп өз бақылауында екендігін мәлімдеді. Құркелес ауылдық округінен келген тұрғындар отбасылық мәселесін айтып кеңес сұрады. Қазақстан Республикасы заңдары аясында кеңес беріліп, түсіндірілді.

«АМАНАТ» партиясы Сарыағаш аудандық филиалының қоғамдық қабылдау бөлмесінде аудандық білім бөлімінің басшысы Акатов Даулет Анасұлы тұрғындарды жеке қабылдады. Қабылдауға келген Ә.Айдарбекова жекеменшік мектептерге кетіп қайта мемлекеттік мектепке келіп жатқан оқушылардың сабақ үлгерімі жайлы сөз қозғады. Қайта келген оқушы сабақ бағдарламасынан кейін қалған, сол себепті ұстаздың ол баламен қайта және жеке сабақ өтуіне тура келіп қиындықтар туғызып жатқанын айтып, жеке меншік мектептерге шектеулер бар ма екен дейді. Бұл мәселені жан жақты қарап, жазбаша өтініш беруін сұрап, облыстық басқармаға ұсыныс айтатындығын жеткізді.

Сондай-ақ, А.Абуова мектептердегі ерекше күтімді қажет ететін балалардың білімі жайлы мәселені қайта қарауды ұсынды. Д.Анасұлы комиссия басшысының атына өтініш жазып жолдау керектігін түсіндірді. Л.Серікбаева тәрбиеші болып жұмыс жасайтындығын және бастауыш сыныбының ұстазы болу құқығы туралы сұрады. Ауданның бас ұстазы Қазақстан Республикасы заңдарына сәйкес, толықтай түсіндірді.

Қатысты жаңалықтар

ТҮРКІСТАН: ТҮЛКІБАСТА БАЛЫҚ ШАРУАШЫЛЫҒЫ ДАМЫП КЕЛЕДІ

azatmedia

ҚОҒАМДЫҚ ҚАБЫЛДАУ ХАЛЫҚПЕН ЖАҚЫНДАСТЫРАДЫ

azatmedia

Белгілі спортшы төбелес кезінде қаза тапты

azatmedia