Қоғам

САРЫАҒАШ АУДАНЫНДА ФРАКЦИЯ ОТЫРЫСЫ КӨШПЕЛІ ТҮРДЕ ӨТТІ

Сарыағаш аудандық мәслихатындағы «AMANAT» партиясы фракциясы мәжілісін аудандық маслихат депутаты, фракция жетекшісі Ибрагимов Шермат Бекматұлы жүргізді.

Аудандық мәслихаттағы «AMANAT» партиясы депутаттық фракциясының Дербісек ауылдық округінде өткен көшпелі отырысына фракция мүшелері, аудандық филиалдың төрағасы Қыстаубаев Құдрет Ибадуллаұлы, аудан әкімінің орынбасыры Талипов Нұрполат Зайнилұлы, «Дербісек» БПҰ төрағасы Б.Есенбеков, ауылдық округінің әкімі Д.Артықбай, жауапты бөлім мен мекеме басшылары, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты.

Партия фракциясы мәжілісінің күн тәртібінде 3 мәселе қаралды:​​«AMANAT» партиясының 2023 – 2027 жылдарға арналған Сайлауалды бағдарламасын орындау жөніндегі жол картасының орындалуы бойынша аудан әкімінің орынбасары Н. Талиповтың,2023 жылғы, 2024 жылдың 6 айында атқарылған жұмыстары бойынша Дербісек ауылдық округінің әкімі Д.Артықбайдың, «Дербісек» БПҰ төрағасы Б.Есенбековтың атқарған жұмыстарыжәне алдағы міндеттері туралы есептері тыңдалды.Фракция мәжілісінің қорытындысы бойынша төмендегі тапсырмаларды мерзімінде орындау жөнінде шешім қабылданды.

Сарыағаш ауданы әкімінің орынбасары Н.Талиповке:Партияның сайлауалды бағдарламасын орындау жолындағы Жол картасының өзіне бекітілген әрбір тармақтарының орындалуын қатаң бақылауға алып, орындалуы бойынша есебін аудандық партия филиалына әр айдың 20 жұлдызына дейін ұсынылуын қамтамасыз ету, партияның сайлауалды бағдарламасы аясында бекітілген Жол картасының 2024 жылғы іс-шарасының жоспарындағы “Жер аманатының” орындалуын қамтамасыз етуді, Дербісек ауылдық округінің әкімі Д.Артықбайға: «Ауыл Аманаты» бағдарламасы аясында төмен пайызды несиені алуға өтініш білдірген азаматтармен тығыз қарым қатынаста болып, нәтижелікке қол жеткізу үшін тиісті шараларды ұйымдастырып, қорытындысы бойынша мәліметті әр айдың 25 жұлдызына дейін аудандық партия филиалына ұсыну, Партияның сайлауалды бағдарламасы аясында бекітілген Жол картасының әрбір тармағының орындалуы бойынша атқарылатын жұмыстарға талдау жүргізу, халықтың табысын арттыруға негізделген «Ауыл аманаты» жобасы аясында төмен пайызбен несие алып өз кәсібін дөңгелетіп отырған азаматтардың табысты жұмыстары жайлы ұдайы әлеуметтік желілерде жариялап отыру, Дербісек ауылдық округінде 58 га жер танабы жеке тұрғын үй құрылысы үшін кезекте тұрған азаматтарға ҚР заңдары аясында бөлініп берілуін қатаң бақылауға алу,ауылдық округінде жүргізіліп жатқан барлық құрылыс нысандарының жұмысын бақылауға алып, халық игілігіне өз мерзімінде тапсырылуына тиісті жұмыстарды жүргізу, «Дербісек» БПҰ төрағасы Б.Есенбековке: Халықпен тығыз қарым- қатынасты орнату үшін бастауыш партия ұйымында «Қарызсыз қоғам», «Құқықтық көмек», «Ардагерлерді ардақтайық», «Кедергісіз келешек» және «Бақытты отбасы» партия жобаларын халық арасында кеңінен түсіндіріп, арнайы кездесу жиналыстары мен қоғамдық қабылдауларды кестеге сәйкес ұйымдастыру, партия мүшелерінен жиналатын айлық жарналарды толық және уақытылы орындалуын қадағалау, аумақта резонанстық оқиға анықталған жағдайда, жедел аудандық филиалға ақпаратты жолдау, партия қатарына шынайы өмірлік ұстанымы бар беделді азаматтар мен еңбек адамдарын және түрлі сала өкілдерін тартып, мүшелер санын арттыру, партия мүшелерінің есебін дұрыс жүргізу, партиялық жобалар аясында өткізілген іс-шараларды, қоғамдық қабылдауларды, депутаттардың кездесулеріне әлеуметтік желілер арқылы ақпараттық қолдау жасап, оны жергілікті бұқаралық ақпарат құралдары мен БПҰ парақшаларында ілгерлетуді ұйымдастыру, аудандық мәслихат депутаттарының сайлаушылармен кездесулерін және жеке қабылдауларының кестеге сәйкес өткізілуін ұйымдастыру тапсырылды.

Сонымен бірге, ”AMANAT» партиясы Сарыағаш аудандық филиалының ұйымдастыруымен Дербісек ауылдық округінің мәдениет үйінде мобильді көшпелі қоғамдық қабылдау өтті.

Көшпелі қоғамдық қабылдауда «AMANAT» партиясы Сарыағаш аудандық филиалының төрағасы Қыстаубаев Құдрет Ибадуллаұлы бастаған аудандық мәслихат депутаттары, аудан әкімінің орынбасары Талипов Нұрполат Зайнилұлы, аудандық бөлім басшылары, ауылдық округ әкімі тұрғындарды қабылдады.

Көшпелі қоғамдық қабылдауға жазылғандардың басым бөлігі ауылдық округтегі ауыз су, учаскелік жер беру, көпірді жөндеу, каналды бетондау, дәріханаларды ауыл ішінен салу мәселелерін көтерді.

Аталған сауалдар бойынша тиісті бөлім басшылығы мен аудандық мәслихаттың депутаттары нақты жауап беріп, назарда ұстайтынын жеткізді.

«AMANAT» партиясы Сарыағаш аудандық филиалының төрағасы Қ.Ибадуллаұлы барша жиналған қауымға толғандырған сұрақтарының назарда болатынын, кейбір сұрақтардың заң аясында белгіленген уақыт ішінде шешімін табатынын атап өтті. 

Қатысты жаңалықтар

КӘСІПОДАҚ МҮШЕЛЕРІНЕ ҚҰҚЫҚТЫҚ СЕМИНАР ӨТТІ

azatmedia

Жол мәселесі шешімін тауып келеді

azatmedia

Масыл болма!

azatmedia