Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың «Таза Қазақстан» жалпыұлттық бастамасы аясында «AMANAT» партиясының «Таза бейсенбі» экологиялық акциясы бүгін Арыс қаласында жалғасын тапты, деп хабарлайды «AMANAT» партиясы Түркістан облыстық филиалының баспасөз қызметіне сілтеме жасаған anyqtimes.kz ақпараттық агенттігі.
100-ге жуық табиғат жанашырларының басын қосқан экоакцияға қалалық партия филиалының қызметкерлері, мәслихат депутаттары, мекеме және кәсіпорын қызметкерлері, бастауыш партия ұйым төрағалары мен «AMANAT» партиясының мүшелері және «Жастар Рухы» жастар қанатының белсенділері атсалысты.Бірлескен жұмыстың нәтижесінде Арыс қаласына қарасты Теміржолшы елді мекенінде орналасқан жағажай аумағынан 2 тоннаға жуық қоқыс жиналды.
«AMANAT» партиясы Арыс қалалық филиалының төрағасы Бақтығали Ділдәбеков «Таза бейсенбі» экологиялық акциясына атсалысқан барша қатысушыларға алғысын білдіріп, «AMANAT» партиясы осы науқанды өткізу арқылы қоғамда экологиялық сана мен мәдениетті тәрбиелеуді маңызды міндет деп белгілейді және барша тұрғындарды бүгін мен болашаққа арналған игі істі қолдауға шақырды.
Осы мақсатта, барша Арыстық партияластар мен қала тұрғындары акцияға белсенді қатысып, әсем қаламызды одан да әрі гүлдендіруге үлес қосатынына сеніміміз мол.