Қоғам

«ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ КЕЗ КЕЛГЕН ҚИЫНДЫҚТЫ ЖЕҢЕДІ»

Білесіздер, биылғы көктем еліміз үшін оңайға соқпады. Еліміздің бірқатар өңірлерінде су тасқыны болып, тұрғындар үйлерін тастап кетуге мәжбүр болды. Айтарлықтай материалдық шығындар келтірілді.

Халқымыздың ауызбіршілігі мен ынтымағы осындай сын сағаттарда көрініс беретіндігі көңіл қуантады. Алғашқы күннен бастап облыста штаб құрылып, аудан, қалалардан жүк керуендері жіберілді.

Төтенше жағдай орын алған облыстарға Ассамблеяның «Жүректен – жүрекке!» акциясы аясында Түркістан облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясы жанындағы этномәдени бірлестіктердің қолдауымен жалпы 150 млн теңгеге 630 тонна гуманитарлық көмек жөнелтілді. Игі істен «Ассамблея жастары» да шет қалмай, 6,5 млн теңгеге гуманитарлық көмек жіберді.

Жалпы өткен жылы облыстық Ассамблея жанындағы құрылымдар мен этномәдени бірлестіктер мүшелері 870 мұқтаж отбасыға 156 млн теңге, «Мектепке жол» акциясы аясында 882 балаға 25 млн теңге көлемінде қайырымдылық көмек көрсетті.

Түркістан облыстық өзбек этномәдени бірлестігінің «Үлес» қайырымдылық қоры мұқтаж отбасыларға 2010 жылдан бері 40 үй салып берді. Сондай-ақ биыл наурыз айында мақтааралдық жомарт жан, «Cotton мақта» ЖШС-нің директоры Абдухашим Боев көмекке мұқтаж екі отбасыны қуантып, оларға екі баспана сыйлады.

Өздеріңіз куәсіздер, өңір тұрғындары Арыстағы жарылыс, Мақтааралдағы топан су басу кезінде бір-бірінен көмегін аямады. Төтенше жағдай тұсында қиналған халыққа қолдан келгенше көмек берді.​Халқымыздың «Ырыс алды – ынтымақ» деген қанатты сөзінде үлкен мән бар. Достық пен татулықты темірқазығындай ұстанған елдің ең басты құндылығы – бірлік.

2020 жылы Мақтаарал ауданында да су тасқыны болғаны есімізде. Көптеген азаматымыз үй-жайынан айырылды. Дегенмен мемлекет бірде-бір азаматын далада қалдырмады. Барлығына шығынын өтеп, үй салып берді. Сол кезде де отандастарымыз ел болып, бір кісідей жұмылып ол апаттан аман-есен шықтық.

Биылғы су тасқыны одан да көлемді, алайда, әр қиындықпен бірге жеңілдік бар демекші, біз бұл сынақты ауызбіршілік пен мейірімділік, қамқорлықтың арқасында бірлесе еңсереміз.Мемлекет басшысы атап өткендей, Ассамблея өзінің ұлт бірлігі мен ынтымағы құндылықтарының тиімді жолбасшысы екенін іс жүзінде тағы да көрсетті.

Жақсылық жасау имандылықтың, тәрбиеліктің, парасаттылықтың айқын көрінісі. Мұны мемлекетіміздің әрбір азаматы жақсы біледі, жақсы сезінеді деген ойдамын.

Сонымен қатар, ел азаматтарын, кәсіпкерлер мен меценаттарды еліміздегі көмекті қажет ететін қоғамның әлсіз топтарына көмек көрсетуге, қайырымдылық шараларына белсене атсалысуға шақырамын. Себебі әрбір жан жақсы өмір сүріп, бақытты болуға лайықты.Бірлігіміз бекем, тәуелсіздігіміз мәңгі болсын! Қазақстанымыз қарыштап дамып, көркейіп, гүлдене берсін!(Төлеби аудандық өзбекэтномәдени бірлестігінің мүшесіЖ.О.Кадировтың сессияда сөйлеген сөзінен) 

Қатысты жаңалықтар

Бұл сынақты да еңсереміз

azatmedia

ШЫМКЕНТТЕ ҚАРАПАЙЫМ ЗАТТАР ЭКОНОМИКАСЫ КӘСІПКЕРЛЕРГЕ СЕРПІН БЕРДІ

azatmedia

Мал шаруашылығына қойылған меже орындалды

azatmedia