Жаңалықтар

«ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА БІРЛІКТІ БЕКЕМДЕГЕН ІСТЕР КӨП»

Қазақ жері кең байтақ! Көңілі дархан! Талай тар жол, тайғақ кешуде тығырықтан шығып қана қоймай, небір қилы заманда шеттен келген басқа этнос өкілдерін жатсынбай қарсы алды. Бауырына басты, төрін ұсынып, бір үзім нанын бөліп берді.

Бүгінгі таңда өңірімізде 11 облыстық, 2 қалалық, 5 аудандық және 1 ауылдық этномәдени бірлестік және олардың аудандар мен қалаларда 4 филиалы және 23 өкілетті өкілі жұмыс атқаруда.Этносаралық татулықты сақтауда түсіндірме жұмыстарының маңызы үлкен. Бұл орайда, Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалдының тапсырмасымен ақпараттық-насихат тобы құрылған, олар ауыл-аймақты аралап, кездесулер өткізуде. Ақпараттық-насихаттық жұмыстарға жергілікті жерлердегі беделді азаматтар де тартылған. Ол кездесулерде Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың халыққа арнаған Жолдауындағы және Ассамблея сессиясындағы мақсат-міндеттерді іске асыру жайы қаралып, мемлекеттік бағдарламалар халыққа жан-жақты түсіндіріліп келеді.

Түркістан облысы әкімінің бекіткен жоспарына сәйкес, өңірдегі этнос өкілдері тығыз шоғырланған аудандарда этносаралық толеранттылықты нығайту мақсатында өткен жылы 348 ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жүргізілсе, биыл жыл басынан бері 61 кездесу өткізілді.

Сондай-ақ бірлікті бекемдеу бағытында түрлі тақырыптарда семинарлар өткізіліп келеді. Сол іс-шаралардың шеңберінде ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігіне қарасты «Қолданбалы этносаяси зерттеулер институтының» және этносаралық қатынастарды зерттеуші ғалымдардың методикалық кеңестері тыңдалды. Аталған институт директорының орынбасары Айгүл Садуақасова Сарыағаш және Сайрам аудандарында «Мемлекеттік этносаясатты іске асыру және этникалық салада қолданыстағы заңнаманы сақтау мәселелері» тақырыбында семинар өткізді. Сондай-ақ «Этносаяси сауаттылық және этномедиация негіздері тақырыбында» үшкүндік семинар және жақында «Қоғамдық келісім» мекемесінің ұйымдастыруымен «Этносаралық келісім: құқықтық тәсіл және толеранттылық» тақырыбында семинар өтті.

Қазіргі таңда Президент бастамасымен елімізде көп нәрсе өзгерді. Саяси реформалардың нәтижесінде мемлекеттік бағдарламалар арқылы ауыл тұрмысын жақсартуға үлкен қолдау жасалып отыр. Кәсіп ашамын, жұмыс істеймін деген азаматтарға мемлекет тарапынан жеңілдетілген 2,5% несие, қайтарымсыз грант, жұмыссыздарды қоғамдық жұмыспен қамту, «Ауыл аманаты», «Серпін», «Жастар практикасы», «Күміс жас» жобасы сияқты шарапаты мол бағдарламалар бар. Оның игілігін әз азамат, әр отбасы сезінуі тиіс.

Ақсақалдар кеңестерінің төрағалары, мүшелері де қоғамда беделі бар, айтары нақты, сөзі өтімді тұлғалардан сайлануда. Бір сөзбен айтқанда, Ақсақалдар кеңестері Ассамблея жанынан құрылып, татулық пен тұрақтылықтың сақталуына жергілікті билік өкілдерімен бірге қызмет етуде. Бүгінгі күні жергілікті атқарушы билік өкілдерінің Ақсақалдар кеңестерімен санасатынын да байқап отырмыз. Демек, бұл Кеңестердің айтары барын, халық атынан сөйлеуде, салмақты ой айтуда орны барын, беделінің артып келе жатқанын аңғартады.

Түркістан облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясының жанынан құрылған Медиация кеңесі құрамында 19 мүшесі мен 56 кәсіби және қоғамдық медиаторлар жұмыс істеуде.Мемлекет басшысы таяуда Ассамблея сессиясында Түркістан облысының этномедиацияға қатысты жұмыстарын оң бағалап, оның ауқымын кеңейтіп, бұл тәжірибені Ассамблеяның барлық ұйымдарына тарату қажеттігін айтты.

Облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясы жанындағы құрылымдар мен этномәдени бірлестіктердің қатысуымен жыл басынан бері жалпы 462 іс-шара өткізілді. Этнос өкілдері көпшілік мәдени және спорттық іс-шараларда белсенді атсалысуда.Биылғы шараларға қысқаша тоқталсам, алдағы уақытта «Бабалар үні» тақырыбындағы этнос өкілдері арасында қазақтың эпостық жырларын жатқа айту байқауы, «Әнім сенсің – туған жер» тақырыбында патриоттық әндер байқауын өткізу жоспарланып отыр. Сондай-ақ биыл «Мың бала» республикалық мәдени-ағартушылық жобасының өңірлік байқауы, этнос жастары арасында «Ұлттық ойын – ұлттық қазына» тақырыбында және «Бірлік» тақырыбында спорт сайыстары өткізілмек.Тағдыры бір, мақсаты ортақ көпэтносты халқымыздың бірлігі арта берсін! Еліміз аман болсын! Елдігіміз мәңгі болсын!

(«Ахыска» түрік этномәдени орталығы»қоғамдық бірлестігінің мүшесіВ.М.Саражованың сөйлеген сөзінен)

Қатысты жаңалықтар

ТҮРКІСТАН ТӨРІНДЕ АРЫС ҚАЛАСЫНЫҢ МӘДЕНИ КҮНДЕРІ БАСТАЛДЫ

azatmedia

ҚИМЫЛЫ БАР ҚОҒАМДА ЖАЙЛЫ ТҰРМЫС ОРНЫҒАДЫ

azatmedia

ДОСТАСТЫҚ ХАЛЫҚТАРЫНЫҢ МУЗЫКАСЫ

azatmedia