Жаңалықтар

БҰЛ — МЕНІҢ АЛҒАШҚЫ САЙЛАУЫМ

ҚР Парламенті мәжілісі және мәслихаттар депутаттарының кезектен тыс сайлауы республиканың барлық өңірінде қарқынды өтіп жатыр. Өңіріміздегі іргелі ЖОО-ның бірі ОҚМПУ-дің студенттері де өз таңдауларын жасап жатыр.

Әл-Фараби ауданында орналасқан №98 сайлау учаскесінің сайлаушысы, болашақ биолог Ақерке Тұрғынбек алғаш рет саяси науқанға қатысып отыр.

— Бұл — менің алғашқы сайлауым. Түркістан облысы Түлкібас ауданының тумасымын. 18 жасқа толып, сайлауға қатысу құқығына жеткеніме қуаныштымын. Жастар — еліміздің болашағын қалыптастырушы буын. Сондықтан партиялардың сайлауалды бағдарламаларымен танысып, өз таңдауымды жасадым. Себебі, біздің таңдауымыз — еліміздің ертеңі үшін өте маңызды. Әрқайсысымыз еліміздің жарқын болашағы үшін үлкен жауапкершілік танытқанымыз абзал. Сайлауда белсенділік таныту арқылы еліміздің дамуына кішкентай болса да үлес қостым деп есептеймін, – дейді ОҚМПУ 1 курс студенті Ақерке Біржанқызы.

Айта кетейік, ОҚМПУ орналасқан №98 сайлау учаскесінде 2100 сайлаушы тіркелген. Олардың қатарында Әл-Фараби ауданының аумақтағы тұрғындары мен ОҚМПУ студенттері бар.

«Шымкент келбеті»

Қатысты жаңалықтар

Қазақстанда көкөніс бағасы күрт қымбаттап кетті

azatmedia

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА 2,5 ПАЙЫЗДЫҚ НЕСИЕНІ АЛАТЫН ЖАСТАР ІРІКТЕЛІП ЖАТЫР

azatmedia

ҚАРЫЗЫ ЖОҚ ҚОҒАМДА ТАБЫСЫ МОЛ ОТБАСЫ КӨП БОЛМАҚ

azatmedia