Қоғам

ТҮРКІСТАНДА «ASYL MURA» ВОЛОНТЕРЛІК ЖОБАЛАР БАЙҚАУЫ ӨТТІ

Түркістандағы «Farab» әмбебап ғылыми кітапханасында «Asyl MURA» волонтерлік әлеуметтік жобалар байқауы өтті. Бұл игі шараны Түркістан облысы қоғамдық даму басқармасы және «Жастар ресурстық орталығы» ұйымдастырып отыр.

Байқаудың мақсаты – жастар арасында волонтерлік мәдениетті қалыптастыру, әлеуметтік жауапкершілікті арттыру және өңірлік проблемаларды шешуге бағытталған тың жобаларды қолдау.Бірінші күні қатысушыларға арналған оқыту семинар-тренингтері өтті. Онда волонтерлік жобаларды басқару, мотивация, көшбасшылық және командамен жұмыс істеу бағыттарында практикалық кеңестер берілді.

Екінші күні 18 команда өз жобаларын 7 минуттық презентация форматында қорғап, қазылар назарына ұсынды. Күн еріктілер еңбегін бейнелейтін бейнероликпен басталып, көркем би қойылымымен жалғасты.

Екі күнге созылған бұл байқау – Түркістан жастарының азаматтық белсенділігі мен әлеуметтік жауапкершілігін арттыру жолындағы маңызды бастама. Қазылар алқасы жобалардың әлеуетіне тоқталып, артықшылықтары мен дамытатын тұстарын атап өтті.Байқау нәтижесі бойынша қазылар алқасының шешімімен 1-орынды Түркістан қаласының «Жастар» командасы иеленді. Жүлделі 2-орын Сауран ауданының «Асыл мұра» командасына бұйырды. Ал 3-орынға Арыс қаласының «Hope Livers» командасы қанағат тұтты. 1-орынға 500 мың теңге, 2-орынға 300 мың теңге, 3-орынға 200 мың теңге қаржылай сыйақылар табысталды.

Сондай-ақ қалған қатысушы командаларға ынталандыру сыйлығы ретінде 50 мың теңге және арнайы сертификаттар үлестірілді. 

Қатысты жаңалықтар

azatmedia

ЯСАУИ МҰРАСЫН ТЕРЕҢ ТАНУҒА ҮЛКЕН СЕРПІН

azatmedia

Экстремистік топтардың қаупі

azatmedia