Жаңалықтар

САУРАНДА ІСКЕР ӘЙЕЛДЕРДІҢ КЕЗЕКТІ ФОРУМЫ ӨТТІ

Бүгін Жүйнек ауылдық округінде Сауран ауданында құрылған іскер әйелдер қауымдастығының кезекті форумы өтті, деп жазады ауданы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған anyqtimes.kz ақпараттық агенттігі. Форумға аудан әкімінің орынбасары Серік Садибаев, Түркістан облыстық іскер әйелдер қауымдастығының төрайымы, облыстық мәслихаттың депутаты Инара Намазбаева, Шымкент қаласынан арнайы келген кәсіпкер Құралай Бекенова, Сауран ауданы іскер әйелдер қауымдастығының төрайымы Дильноза Умарова, облыстық іскер әйелдер қауымдастығынан бірқатар делегация өкілдері мен аудандық әжелер, аналар алқасы, 12 ауылдық округтерінен келген кәсіпкер әйелдер қатысты.

Форумның мақсаты аудандағы өз кәсібін дөңгелетіп жүрген қарапайым әйелдердің мәртебесін көтеру, олардың кәсіби сауаттылығын арттыру, қоғамда жеке кәсібін бастап жүрген жас әйелдерге үлгі болу және ынталандыру болып табылады. Шара барысында Жүйнек ауылдық округінің тұрғындарынан құралған «Дилшод» ансамбілінің концерті, сонымен қатар, ауылдық округтерден келген кәсіпкерлердің шығарған өнімдерінің көрмелері тамашаланды.

Аудан әкімінің орынбасары Серік Садибаев аудан көлемінде кәсіпкерлік саласында белсенді қызмет жасап жүрген қыз-келіншектері аудан әкімінің алғыс хаттарымен марапаттады. Форумда облыстық іскер әйелдер қауымдастығының белсенді мүшелері Насиба Атаева, Ақмарал Әбдінабиева күн тәртібіндегі қаралған мәселелер бойынша баяндама жасады.  

Қатысты жаңалықтар

«Порно көрдік»: оқушылардың онлайн сабағында порно көрсетілген

azatmedia

ОРАҢҒАЙДАҒЫ ОҢАЛТУ ОРТАЛЫҒЫ – МӘЖІЛІС ДЕПУТАТТАРЫНЫҢ НАЗАРЫНДА

azatmedia

ПАРТИЯЛАСТАР «МӨЛДІР БҰЛАҚ» АПТАЛЫҒЫНА ҮЛЕС ҚОСУДА

azatmedia