Қоғам

САРЫАҒАШ: ПАРТИЯ ФИЛИАЛЫНДА ҚОҒАМДЫҚ ҚАБЫЛДАУ ӨТТІ

Бүгін, «AMANAT» партиясы Сарыағаш аудандық филиалының қоғамдық қабылдау бөлмесінде аудан әкімінің орынбасары Қозыбаев Алдияр Хайбілдәұлы, жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы Құралов Марат Жұмағалиұлы, мансап орталығының директоры Ауезова Ақмарал Бәкірқызы аудан тұрғындарын жеке қабылдады.

Қабылдауға келген қала тұрғыны А.Төлегенова тұрғын үйінің шатырын жабуға ағаш сұрап, баласының денсаулығына байланысты ем алуын, АӘК- ті келінінің ала алмай жүргендігін айтып келді.

Аудан әкімінің орынбасары шатырын жабуға ағаш мәселесін шешуді қарастырып, қала әкімінің міндетін атқарушы Ш.Жұматаевқа тапсырма берді.

Баласының денсаулығы бойынша М.Жұмағалиұлына шешіп беру жайлы тапсырма берді.АӘК келесі тоқсаннан құжаттарын тапсыруына болатындығын А.Бәкірқызы түсіндірді.Т.Айнакулова көп балалы, жалғыз басты ана тұрғын үйіне есік алуға, жұмысқа орналасуға, балларына мектеп киімін алуына көмек сұрап келді.

Тұрғын үйіне есік алу мәселесі бойынша демеушілер қарастырылып орындалатындығын айтып, денсаулығына байланысты тұрақты жұмыс ұсынылатын болды.

Балаларына мектеп киімі алуға тамыз айында ұйымдастырылатын «мектепке жол» акциясының тізіміне қосылатын болды.

Сондай-ақ, Б.Шалабаева АӘК алмауына байланысты тамыз айындағы акцияға қатыса алмай қаламын деген өтіншпен келді.

М.Жұмағалиұлы демеушілер тарапынан ұйымдастырылатын жалпы тізімге алатындығын айтты.Жарты төбе ауылдық округінен келген С.Дүйсенова өз кәсібін ашуға қайтарымсыз грант сұрады.

А.Бәкірқызы грантқа қатысатын азаматтар санатына жатпйтындығын түсіндірді.А.Хайбілдәұлы жастарға берілетін 2,5% пайыздық жобаға қатысып несие алуына болатындығын түсіндірді 

Қатысты жаңалықтар

МАСЫЛДЫҚ – ӘЛЕУМЕТТІК КЕСЕЛ

azatmedia

Мектеп директоры орынбасарын ұрып өлтірді

azatmedia

Сайрам: Пробация үйінде бірқатар жобаларды іске асыру бағытында кездесу өтті

azatmedia