Қоғам

Имандылық, ізгілік, сүйіспешілік

Имандылық, ізгілік, сүйіспешілік- иманипедагогиканың асыл өзегі. Тәрбиелеу қазақ ілімінде мынандай тұжырым бар: «Басына бақ жұғысып, құт қонатын қазақтың ұлы құлықты, қызы қылықты, келеді. Себебі-қазақ, Алладан сұрап, қалап алған ұрпағын олар қанша көп болса да, «Алла аманаты Тәңір сыйы»,- деп көріп, оларды -«Сүйіспеншілік бесігіне бөлеп, Махаббат жөргегіне орап Мейірім уызымен ауыздандырып өсіреді». Сондықтан қазақ баласына сүйіспеншілік,  махаббат, мейірім, сыпайылық, имандылық қатарлы асыл қасиеттер ана сүтімен беріліп, дамып жетіледі.

Қазақ ұрпағын жетімсіретпейтін,тіптен уақытша болса да сәбилік шағында бөгдеге асыратып бақтырмайтын себебі осында.

Жастай жетім өскен ұрпақ аталмыш бесікке бөленбей мейірімділік уызына жарымайды.

«Мейірімділік- мылқаулар сөйлей алатын, кереңдер ести алатын тіл»,- дегенге жүгiнсек, iзгiлiк қазақтың қанында бар қасиет екендігіне көзіміз әбден жетеді. Сүйіспеншілік аталатын нәзік сезімнен көптеген адами сапалар туындап, махаббат алақанында әлпештеніп, жайсаң мінездер қалыптасады. Перзенттік борыш, ата-аналық махаббат, туысқандық мейірім,  достық мейірім, ұлтжандылық, отансүйгіштік,  елжандылық, бауырмалдылық- осы асыл қасиеттің тарамдалып жетілуі, көгеріп көркеюі-ізгіліктің, сүйіспеншіліктің шынайы көрінісі. Бұл басқаның беретін бағасы, қайрымдылардың тартар сыйы емес. Ал адамның жан дүниесі сүйіспеншілік болғанда ғана өзгеріске түседі. Сүйіспеншілік қорқынышты білмейді, сүйіспеншілік өтірікпен өш. Сүйіспеншілік тілдің ұшында, ақылдың шыңында емес – ол жүректің төрінде. Сүйіспеншілік кешірімділер мен жаны жомарттармен бірге, өзімшілдік  ала берсем деп ойлап, жақсылықты тез ұмытып кететіндер-мен сиыспайды. Сүйіспеншілік-барлық руханилықтың тамыры, барлық шығармашылық пен ізденістердің мәні, барлық талпыныстардың қиылысқан тұсы, адамдардағы шабыт көзі. Қиянат жасамау, яғни басқаларға зиян келтірмей өмір сүру-бұл сүйіспеншілік пен ынтымақтастық  рухы, кешіре білу, қайырымдылық, қоршаған орта мен өзгелерге қамқорлық, бауырмалдық және теңдік сезімі ұлттық сана, өзгелердің мәдениеті мен түрлі рухани дәстүрлеріне деген құрмет. Ұлттық рух-ұрпақ тәрбиесінің арқауы. Ұлттық рух дегеніміз-өз ұлтыңа деген ерекше сүйіспеншілік. Ол сүйіспеншілік қайдан пайда болады? Егер де ұлттың топырағында туып өссең, оның асылын тәніңе сіңірсең, тілін меңгерсең, тарихын, мәдениетін, әдет-ғұрпын білсең сүйіспеншілік пайда болады. Жалпы, сүйіспеншілік атты адамның асыл қасиеті Жасағанның сыйлаған нәзік сезімі,ерекше несібесі. Оның нышаны тілі шықпаған  «жанды бақа» нәрестеден де сезіліп тұрады. Сүйіспеншілікті Яссауи, Абай Аллаһты танудың жолы, оны «көрудің» ерекше көзі десе Шәкерім атамыз Әлемді танудың,  саналы іс-әрекеттің басы деп көрсетеді. Қазақтың зеректігі дін мен ділдің, тіл мен сөздің, өмір мен тарихтың, ұлт пен ұрпақтың қасиетін біріктіретін қабілеттің рухына қол жеткізе алуында. Бұл деңгейде бабаларымыздың өмір сүруіне ықпал еткен бір ғана қасиет тектілік, қанағатшылдық ұғымы. Барлық ізгі қасиеттерді тізбелегенде, «кісілік» деген бір-ақ ауыз сөзге саяды. Өйткені, бұл сөздің өзі адамның бүкіл болмысын ашып беретін ұғым. Яғни, адамгершілік адамға ғана тән сипат. Әрбір ақыл иесі бойындағы адамгершілікті басты ізгі қасиет деп санаса, сол адамгершіліктің тұғыры имандылық болып саналады. Иман-қазақ халқының рухани дүниетанымындағы парасат пайымымен сабақтасып жататын өте кең өлшемді ұғым. Ата-бабаларымыздың ақиқатқа жетелер сенімінің де басты тірегі-осы.

Барлық бет-болмысының, мінез-құлқының айнасы. Имандылық (атауы әр түрлі болғанымен)- барлық наным-сенімдерге ортақ ұғым. Адамдардың діни сеніміне байланысты, имандылықты алалауға болмайды.Қай діндегі болсын адамдардың баршасын имандылыққа баулу қажет. К.Д. Ушинский өнегелі тәрбиеге үлкен мән берген, оның негізін дін деп санаған. Дінді ол, ең алдымен, өнегелі тазалықтың кепілі деп түсінген. К.Д. Ушинскийдің «Тәрбие халықтық ілтипатқа ие болған жағдайда ғана өз мақсатына жетеді» — дейді.

Иман ұғымы бізде ұлттық сипатқа ие болған. Имандылық-ұлттық шеңберде шырмалып қалған тар ұғым да емес. Имандылық- қазақ үшін, жалаң ислами ұғым да емес.

Ол наным-сенім ретінде, қашаннан бар, ұласып келе жатқан түсінік.

Асылында, исламдық иман ұғымымымен астарлласып іштей қабысқан қазақтың дүниетанымдық сенімі, тарихи даму барысында өзіндік имани әдет-ғұрып, салт сана, әдеп-ереже қалыптастырып, қазақи иман ұғымын өмірге әкелді. Қазақтың бұл ұғымы, ой-пікірлері, түсінігі жалғасып, сабақтаса отырып санаға сіңіп, имани қазақ дәстүрін түзді. Тарихи даму барысында ол жүйеде өзгеріс, даму, іркіліліс, сондай-ақ  бұлқыныс, сілкініс болғаны да рас. Алайда, ұлттық тамырынан мүлдем арылып, сабағынан үзілмегендіктен, адамдар арасындағы қатынас,    жұрттың күнделікті өмір тіршілігінен олардың көрініс беріп отырғаны баршаға аян.

Иманипедагогикада текті жан (үш жастан) қырыққа дейін (кей нұсқада 45-ке дейін) қалыптасып,жетіледі.Қырық жас-қынынан суырылған қылыштай жарқыраған,ақыл-естің толысқан,  қүш-қуаттың молайған,өнер білімнің өрістеген мезгілі. Қырық жас-Мұхеммед (с.у.с.)-ға пайғампарлық қонған жас, Алла Тағаланың адам денесін өз қолымен саз балшықтан илеген  уақыты.Ер жігіттің қамал бұзар толысқан жасы. Ал, ғылым бойынша: Кісі -ержеткен, бұғанасы қатқан, ақылы толған, өз ісіне өзі жауап бере алатын, өзінің дүниеге көзқарасы бар адам. Кісі әлеуметтік іс-әрекет иесі ретінде өндірістің, қоғамдық қатынастың, қоғамдық сананың субъектісі болып табылады. Тұлға — әртүрлі дәрежедегі қоғам топтарының да жауапкершілігін өзіне ала алатын кісі. Иманипедагогикада тәрбиелеу дегенді біздің осы күнгі түсінігімізден бөлекше сипаттайды. Ол бойынша: ізгілікті іс-әрекет, ниет, көмек –тікелей жүргізілген татымды тәрбие. Оның орны тым бөлек. Қазақтың тәрбиелеу ілімінде алтын әріппен жазлған қағида мынау: «Тәрбиенің пәрменділігі мектептің,  жанұяның, әлеуметтік ортаның балаға, жалпы жасқа мінез-құлықтың пайдалы дағдылары мен әдеттерін қалыптастыру туралы қаншалықты қамқорлық жасалуына байланысты». Қамқорлық шанақты, пәс болса,   тәрбие нәтижесіз, жұтаң не көлгір келеді. Фараби бабамыз: «…тәрбиелеу дегеніміз қамқорлық жасау» – десе ата бабамыз тәрбиелеуді –баулау –деген. Баулау-баптау, жәй-күйін келтіру. Жасөспірімдер биязы әдеп,  жібек мінез игеретіндей,көкірек көзі ашылатындай олардың жәй-күйін келтіріп, қамқорлық жасап аяласаң еңбегің далаға кетпейді.

Ізгілік педагогикасының ұлттық мәні осында жатыр. Иманипедагогика тұп тура осы заңдылыққа сүйенеді. «Жақсы ниет – ниет қана қарасаң, дұрысы оны іс қылуға жарасаң»деп Ж.Баласағұн атамыз айтқандай, әрине, ізгі жолда әрқашан дұрыс іс-әрекет жасау керек.

Иманипедагогикада отбасы – адамзат ұрпағы үшін еш нәрсемен салыстыруға жатпайтын  алтын діңгек, қасиетті өмірлік мектеп. Мектеп деп баланың ақыл-парасаты мен ой-өрісін жетілдіретін тәлім-тәрбие алатын орданы,ошақты, ұжымды айтамыз. Мәселен өмірлік мектепке отбасы, ошақ қасы, той мереке,ойын сауық алаңы,медіресе-мектеп,еңбек мейрамы, ақындар айтысы, кітапхана, музей, жастардың техникалық  үйірме  өткізетін немесе спорттық жатты-ғулар жасайтын ордалары, спорт алаңдары бәр-бәрі жатады. Қазақта мұндай мектептер көп болған,кәзір де  жұмыстап жатқандары баршылық:  Ақсақалдар мектебі, Қарашаңырақ мектебі,  әжелер мектебі,ана мектебі,жеңге жезде мектебі, т.б. патриоттық,  сондай-ақ, жалпы тәлім-тәрбие беруге асқын мүмкіндік жасалған,қайырымдылық пен мейірімділікке малшынған,жағдайлы жәй-күйдің толық болуы.

Ол-мәжбүрлеп білім беріп,тәрбиелейтін орын емес. Жәй-күйі, мүмкіндігі шәкірттің өзбетімен ізденіп білім алып,тәрбиеленуінемүмкіндігі толықболуы  тиіс. Ондай «мектептерде» кейде ұстаз да  болмайды. Шәкірттер қаласа ,әрине қасынан табылады ғой! Жұмыр Жерде  ондай мектептер көп болмаса да жұмыстап тұр. Ыбырай  атамыз: «бала тәрбиесі оның табиғи ортасы мен халқының салт-дәстүрі рухында тағлым болса, оның сана-сезімінің дамып, жетілуі де ұлты мен халқына қызмет ететін көкірегі ояу, тұлға болып өседі» деп, сонау заманда айтып көрсетіп,ескертіп  түйіндеген екен. Атамыздың айтқаны осы заманға дәл келіп тұр. Оны жатсынар жоқ.

 

 

Қатысты жаңалықтар

ӘРЕКЕТ ЕТСЕҢ, БЕРЕКЕТ КЕЛЕДІ

azatmedia

«Балаларды қылқындырды» – 30 жасында жеті бала тапқан келіншек күйеуінен көрген қорлығын айтты

azatmedia

КӘСІПОДАҚ МІНБЕРІ: Ұстаз – ұлағатты ұлы тұлға

azatmedia