Жаңалықтар

ТҮРКІСТАН: САЯСИ ҚУҒЫН-СҮРГІН ҚҰРБАНДАРЫН ТОЛЫҚ АҚТАУ ЖӨНІНДЕ ЖҰМЫС КЕҢЕСІ ӨТТІ

Бірнеше жыл бұрын Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Саяси қуғын-сүргін құрбандарын толық ақтау жөніндегі мемлекеттік комиссия туралы» Жарлыққа қол қойған болатын. Одан соң Қазақстанда саяси қуғын – сүргін құрбандарын ақтау бойынша мемлекеттік комиссия құрылды. Президеннің айтуынша, «әділетсіз сотталғандарды еске алуды мұқият сақтай отырып, біз тәуелсіздігіміздің негізін қалайтын жарқын болашақты жасай аламыз».
«Бұл қайғылы күнде өткен ғасырдың ең қатал трагедияларының бірінде жазықсыз жапа шеккендердің бәріне құрмет көрсету біздің әрқайсымыздың міндетіміз. 100 мыңға жуық қазақстандықтар саяси қуғын — сүргінге ұшырады, оның 20 мыңнан астамы атылды. Бүгін біз ұжымдастыру жылдарында аштықтан қайтыс болған немесе туған жерінен кетуге мәжбүр болған адамдарды қатты еске аламыз. Бұл бақытсыздық үш миллионға жуық адамның басына түсті», — деп жазды Қасым — Жомарт Тоқаев.

Осы бағытта Түркістанда Саяси қуғын-сүргін құрбандарын толық ақтау жөніндегі өңірлік комиссия және жұмысшы топ мүшелерінің кеңесі өтті. Кездесуге Түркістан облыстық қоғамдық даму басқармасы басшысының орынбасары К.Мырзабаев қатысты. «Саяси қуғын-сүргін құрбандарын толық ақтау жөніндегі Мемлекеттік комиссияның 33 томдық материалдар жинағы мен ХХ ғасырдың 20-50 жылдары» атты жинақтың 3 томында Түркістан облысында жүргізілген зерттеу жұмыстарының нәтижесінде жинақталған материалдар орналастырылған. Қазіргі таңда «Халық жады» сериясы бойынша Түркістан өңірі бойынша қуғын-сүргін мен ашаршылық құрбандарының ұрпақтарымен сұхбаттары мен естеліктер жинағын әзірлеу жұмыстары атқарылып жатыр. Еске сала кетсек, облыс әкімдігінің қаулысына сәйкес Түркістан облысында2021 жылы 14 қаңтарда Саяси қуғын-сүргін құрбандарын толық ақтау жөніндегі Өңірлік комиссия құрылған болатын. Комиссия құрамы Түркістан облыстық мәслихатының шешімімен бекітіліп, саяси қуғын-сүргін құрбандарын толық ақтау бойынша жұмысшы топ құрылды. Екі жыл ішінде өңірлік комиссия мен жұмысшы топ жасаған зерттеулер нәтижесінде 2022 жылдың соңында 6 құжаттар мен мақалалар жинағы, 1 ақтауға ұсынылатындардың тізімі, 1 монография баспаға шығарылды. Биылғы жоспарға сәйкес, 6 өңірлік жинақ шығару жоспарланып, республикалық басылымға тағы 6 жинақ бойынша материалдар әзірленіп жатыр.Шара барысында өңірлік комиссия және жұмысшы топ мүшелері атқарған жұмыстарының нәтижесінде ҚР Ғылым және жоғары білім министрі С.Нұрбектің арнайы алғыс хаттарымен марапатталды. Сонымен қатар, Түркістан қаласындағы «Ұлы Дала Елі» орталығында облыстық қоғамдық даму басқармасының ұйымдастыруымен Түркістан облысындағы саяси қуғын-сүргін құрбандарын толық ақтау жөніндегі өңірлік комиссия мүшелерінің колледж студенттері және мектеп оқушыларымен кездесуі өтті. Шараға Саяси қуғын-сүргін құрбандарын толық ақтау жөніндегі өңірлік комиссиясының мүшелері Х.Тұрсұн, Д.Кенжетай, Л.Динашева, А.Сандыбаева және Түркістан қаласындағы оқу орындарының білім алушылары қатысады.

Аталған комиссия 2021 жылғы 14 қаңтарда облыс әкімінің қаулысымен құрылып, жұмысына өңіріміздің 25-тен астам тарихшы ғалымдары, доценттер, phd докторлар, сарапшылар, Қ.Ясауи атындағы ХҚТУ-нің ректоры, архив саласының қызметкерлері және т.б. азаматтар тартылған. Бұл орайда, саяси қуғын-сүргін құрбандарын толық ақтау бойынша жұмысшы топ құрылған. Жиын барысында Саяси қуғын-сүргін құрбандарын толық ақтау жөніндегі республикалық және өңірлік комиссиялардың 2022, 2023 жылдары шығарған материалдар жинақтары бойынша көрме ұйымдастырылып, елімізде саяси қуғын-сүргін және жаппай ашаршылық құрбандары туралы бейнероликтер көрсетілді. Сондай-ақ, комиссия мүшелері баяндама жасап, білім алушылардың сұрақ-жауаптарына жауап берді. Сонымен қатар, Саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алуға арналған танымдық шара өтті. Алдымен жиынға келушілер «Фараб» кітапханасында жасақталған тақырыптық көрмені тамашалады. Тағылымды шараны Қ.А.Ясауи атындағы ХҚТУ-нің Теология факультетінің деканы, профессор Досай Кенжетай ашып берді. Тарихқа кері шегініс жасаған философия ғылымдарының докторы қиын-қыстау кезең және соның салдары жайлы баяндап берді. Содан соң осы салаға еңбегі сіңген бірқатар маманға облыс әкімінің Алғыс хатын тапсырды. Саяси қуғын-сүргін құрбандарын толық ақтау жөніндегі өңірлік комиссияның мүшесі, Түркістан облысының мемлекеттік архивінің басшысы Гүлнар Шардарбекова атқарылған жұмыстарға шолу жасап, жарқын болашағымыз үшін өткен тарихтың, соның ішінде тұлғаларымыздың орны ерекше екенін тілге тиек етті.Шара барысында Саяси қуғын-сүргін құрбандарын толық ақтау жөніндегі мемлекеттік комиссиясының 33 томдық материалдар жинағы мен жазушы, журналист Мариям Әбсаттардың «Алаш зиялыларының соңғы сөзі» кітабының таныстырлымы өтті. Аталмыш қос туындының тұсауын Түркістан облысы мәдениет және туризм басқармасы басшысының орынбасары Әділ Нұржанұлы, Қ.А.Ясауи атындағы ХҚТУ-нің профессоры Досай Кенжетай, облыстық «Фараб» кітапханасының директоры Жанат Шардарбекова, жазушы, журналист Мариям Әбсаттар кесті. Еске алу жиынында Шәмші Қалдаяқов атындағы облыстық филармония әншілері жастарға жігер берер әндер шырқаса, Райымбек Сейтметов атындағы Түркістан сазды-драма театры әртістері Алаш арыстарының өлеңдерінен үзінділер оқыды. Сондай-ақ Мәриям Әбсаттардың осы жинақты жазу барысы баяндалған бейнефильм көрсетілді.Белгілі журналист 15 жыл бұрын Қазақ радиосында жұмыс істеп жүрген кезінде ұлт тұлғаларын тануды бастаған. Өзінің «Алаш арыстары» атты хабарында Әлихан, Ахмет, Міржақып сынды азаматтардың артында қалған ұрпақтарын іздеуге кіріседі. Ерекше ізденісінің арқасында ұрпақтары туралы там-тұмдап болса да естелік жинап, бүгінде өскелең ұрпаққа мол азық болар кітапты жарыққа шығарды. 

Айта кетейік, ҚР Президентінің 2020 жылғы 24 қарашадағы №456 Жарлығына сәйкес құрылған Мемлекеттік комиссия төрағасының хаттамалық тапсырмасына сәйкес 2021 жылы 14 қаңтарда облыс әкімдігінің қаулысына сәйкес Саяси қуғын-сүргін құрбандарын толық ақтау жөніндегі Өңірлік комиссия және сәйкесінше, облыстық жұмысшы топ құрылған. Екі жыл ішінде атқарылған жұмыстар нәтижесімен жарық көрген «Саяси қуғын-сүргін құрбандарын толық ақтау жөніндегі Мемлекеттік комиссияның 33 томдық материалдар жинағы. ХХ ғасырдың 20-50 жылдары» атты жинақтың 2 томында (№14, №33) Түркістан облысында жүргізілген зерттеу жұмыстарының нәтижесінде жинақталған материалдар орналастырылған. Елімізде 31 мамыр – Саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күніне арналған тарихи-танымдық және еске алу іс-шаралары өтіп жатыр. Осы күні Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды Саяси қуғын-сүргін құрбандарын толық ақтау жөніндегі өңірлік комиссия мүшелерін қабылдап, пікір алмасты. Атқарылып жатқан жұмыстар баяндалып, алдағы жоспарлар туралы да ой қозғалды. 

– Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күнінің мәніне тоқталып, ұлт бірлігін сақтау аса маңызды екенін айтты. Өткенімізге көз жүгіртсек, халқымыз түрлі нәубеттерді бастан өткерді. Тәуелсіздік бізге үздіксіз күрес нәтижесінде, мыңдаған құрбанның жанкештілігінің арқасында келді. Сондықтан біз ұлт үшін шейіт болған қайраткерлерді, тұлғаларды, ашаршылық құрбандарын, өткен тарихымызды ұмытпауымыз керек.

Бұл ретте Түркістанда саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алуға арналған мемориалдық кешен ашу құптарлық іс болмақ. Бұл ұсынысты талқылап, жұмыс атқарамыз. Бүінде тарихтағы ақтаңдақтарды терең талдап, репрессия құрбандарын зерттеуге мемлекеттік деңгейде қолдау көрсетіліп отыр. Сіздер осы жұмыстың ортасында жүрсіздер. Қоғамдық жұмысты атқару, мұрағаттардағы құжаттарды зерттеу оңай емес. Қайраткерлік және өз ісіңе деген сүйіспеншілік қажет. Қолдау көрсетуге дайынбыз, – деді Дархан Сатыбалды. Жиында профессор Досай Кенжетай комиссияның жұмысы, анықталған тың деректер туралы ой қозғады. Түркістандағы саяси қуғын-сүргінге қатысты деректер табылғанын атап өтті. Облыс әкіміне комиссия жұмысы нәтижесінде жарық көрген кітаптарды тарту етті.

Сонымен бірге журналист Мәриям Әбсаттар «Алаш зиялыларының соңғы сөзі» атты кітабы туралы баяндады. Репрессия құрбандары мен еліміздің тәуелсіздік алуына үлес қосқан қайраткерлерді ұрпақ санасына сіңіру үшін ақпараттық технологиялардың жетістіктерін қолдану, жаңа тәсілдерді қолға алу, жас оқырманның дүниетанымына сай туындылар шығару жөнінде пікірін білдірді. «Түркістан облысының қоғамдық-саяси тарихының мемлекеттік архиві» мекемесінің басшысы Гүлнар Шардарбекова Саяси қуғын-сүргін құрбандарын толық ақтау жөніндегі өңірлік комиссиясының атқарған жұмыстарына тоқталды. Оның айтуынша, екі жылдан астам уақытта комиссия 9 бағытта жұмыс жүргізген. Нәтижесінде Түркістан өңірінен саяси қуғынға ұшырап, жазықсыз жапа шеккен 5184 азамат туралы деректер анықталып, құқықтық түрде ақтауға ұсынылған. Олардың 3090-ы бай-кулактар деп айыпталып, мал-мүлкі тәркіленген. Бостандық көтерілісіне қатысқандар туралы да деректер жиналған. Аудан, қалаларда саяси қуғын-сүргін құрбандларынан естеліктер жинақталуда. Түркістан өлкесіндегі «Алаш» қозғалысы мен қайраткерлері, Созақ, Бостандық көтерілістеріне, Шаян оқиғасына қатысты мәліметтер де зерттеуге алынған.

Ғалымдарымыз Өзбекстан, Тәжікстан архивтері мен кітапханаларында, ҚР Президентінің архивінде, ҚР Орталық архивінде және облыстық, аудандық архивтерде жұмыстар жүргізген. Бұл бағытта жұмыстар жалғасады. Өңір басшысы комиссия бастамаларына сәттілік тілеп, кездесуде айтылған ұсыныстар бойынша жұмыс жүргізілетінін жеткізді. 2021 жылы 14 қаңтарда облыс әкімдігінің қаулысына сәйкес Саяси қуғын-сүргін құрбандарын толық ақтау жөніндегі өңірлік комиссия және сәйкесінше, облыстық жұмысшы топ құрылған. Екі жыл ішінде атқарылған жұмыстар нәтижесімен «Саяси қуғын-сүргін құрбандарын толық ақтау жөніндегі Мемлекеттік комиссияның 33 томдық материалдар жинағы. ХХ ғасырдың 20-50 жылдары» атты жинақтың 2 томында (№14, №33) Түркістан облысында жүргізілген зерттеу жұмыстарының нәтижесінде жинақталған материалдар орналастырылған. Сонымен қатар өңірлік комиссия мен жұмысшы топ жасаған зерттеулер нәтижесінде 6 құжаттар мен мақалалар жинағы, 1 ақтауға ұсынылатындардың тізімі, 1 монография шығарылды. Мемлекеттік комиссия төрағасының тапсырмасына сәйкес биыл «Алаш» ұлт-азаттық қозғалысы бойынша мұрағаттық құжаттардың 10 томын, «Халық жады» еске алу кітаптарының 20 томын шығару жоспарланып отыр. Бұл кітаптарға да Түркістан өңірінен жинақталған деректер енгізілмек. 

Бұдан бөлек, Түркістанда Саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күніне арналған мазмұнды іс-шара өтті. Сұлтанбек Қожанов ескерткішіне гүл шоқтары қойылып, тұлғаларға құрмет көрсетілді. Жиынға Түркістан облысы әкімінің орынбасары Бейсен Тәжібаев қатысып, тәуелсіздік пен азаттық үшін жанын қиған Алаштың арыстарына тағзым етудің маңыздылығына тоқталды.– 31 мамыр – мәні терең, маңызы айшықталған, қаралы күн. Өткен ғасырдың отызыншы жылдары Кеңес Одағының құрамында болған Қазақстаннан 103 мың адам қуғын-сүргінге ұшырап, 25 мыңнан астам қазақстандық ғылым, мәдениет және саясат саласының көрнекті тұлғалары, зиялы қауым өкілдері қудалауға ұшырап, жазықсыз жапа шекті. Бұл процесс қазақ елінің өркендеуіне үлкен соққы болып, кері әсерін тигізді. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тікелей бастамасымен тарихи тұлғаларды толық ақтау жұмысы мемлекеттік деңгейде қолға алынды. Бүгінде Президент Жарлығына сәйкес, құрылған Мемлекеттік комиссия қарқынды жұмыс атқаруда. 2021 жылы Түркістан облысынан құрылған өңірлік комиссияның ғылыми-зерттеу қызметінің нәтижесінде 5 мыңнан астам азамат толық ақтауға ұсынылды. Қазақ халқы зұлмат жылдары үздіксіз жалғасқан саяси қуғын-сүргіннен есін жия алмай жатқанына қарамастан, тағдырдың тәлкегіне түскен түрлі ұлт пен ұлысты бауырына басты. Біз қайраткерлердің есімдерін жадымызда сақтап, олардың рухтарына құрмет көрсетуді басты міндеттердің бірі деп қарауымыз керек. Тәуелсіздіктің қадірін ұғынып, елдігіміздің мәңгі болуын тілеймін, – деді Бейсен Дәулетұлы.Түркістан қалалық соғыс және еңбек ардагерлер кеңесінің төрағасы Жарқынбек Құлбайымбетов тарихи ақтаңдақтарды ашып, ұлы қайраткерлер мен ел үшін құрбан болған тұлғалардың рухын асқақтату парыз екенін атап өтті. Сонымен бірге еске алу шарасына қалалық мәслихат төрағасы Ғ.Сәрсенбаев пен қала әкімінің орынбасары Е.Күзембаев қатысты. Іс-шара аясында ескерткішге гүл шоқтарын қою рәсімі өтіп, құрбандарды еске алу үшін 1 минуттық үнсіздік жарияланды.Түркістан қалалық Мәдениет үйінің халық театры әртістері «Алтын қалам» әдеби топтамасы бойынша құрастырылған «Қаны тамған ХХ ғасыр» қойылымын сахналады. Тарихи көрмелер ұсынылып, Түркістан қаласындағы Н.Төреқұлов, М.Жұмабаев, А.Байтұрсынов, М.Шоқай атындағы мектептердің оқушылары кітап көрмесінде Алаш арыстары жайында өлеңдер оқыды. Тарихтан сыр шертетін әндер шырқалып, естеліктер айтылды. Ел үшін шейіт болған тұлғалардың рухына құран бағышталды.

Қатысты жаңалықтар

ТҮРКІСТАН: АБАТТАНДЫРУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖАЛҒАСЫП ЖАТЫР

azatmedia

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ ЖАҢА ОҢАЛТУ ОРТАЛЫҒЫМЕН ТОЛЫҒАДЫ

azatmedia

САУРАНДА АРДАГЕРЛЕР КЕҢЕСІНІҢ ТӨРАЛҚА МӘЖІЛІСІ ӨТТІ

azatmedia