Бүгін Арыс қаласында «AMANAT» партиясы Түркістан облыстық филиалы жанындағы Өңірлік даму жөніндегі кеңестің көшпелі мәжілісі өтті, деп хабарлайды «AMANAT» партиясы Түркістан облыстық филиалының баспасөз қызметіне сілтеме жасаған anyqtimes.kz ақпараттық агенттігі. Түркістан облыстық мәслихат депутаты, партиялық фракция мүшесі, Бақытжан Қыпшақбайұлы Серманизовтың төрағалығымен өткен мәжіліске облыстық партия филиалы атқарушы хатшысының орынбасары Полат Мұратұлы Тұрсынбаев, Арыс қаласының әкімі Гүлжан Мамытқызы Құрманбекова, қалалық партия филиалының төрағасы Бақтығали Ділдәбеков, Түркістан облыстық энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқарма басшысының орынбасары Роза Сариева, Түркістан облыстық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы басшысының міндетін атқарушы Қайрат Пазылов, қалалық мәслихат депутаттары мен партия филиалының жауапты қызметкерлері және кеңес мүшелері қатысты.
Кеңес отырысында Арыс қаласының әлеуметтік-экономикалық дамуы және Арыс қаласын табиғи газбен қамтамасыз ету мәселелері туралы Арыс қаласы әкімінің, «AMANAT» партиясының Түркістан облысы бойынша 2023-2027 жылдарға арналған сайлауалды бағдарламасын орындау жөніндегі жол картасындағы III тармағының орындалуы (өмір сүру жағдайларын жақсарту) туралы Түркістан облыстық энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының және Түркістан облыстық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының есептері тыңдалды.Өткен жылдың қорытындысымен Арыс қаласына 22,6 млрд. теңге инвестиция тартылған. Олардың ішінрде инвестиция құны 3,0 млрд теңге болатын «Саябақ» және қуаттылығы 300,0 тонна болатын поливинилхлорид түйіршіктерін және қоспасын шығаратын, пластикалық құбырлар өндіретін зауыт, полиэтилен қаптамаларын шығаратын цех бар. Сонымен бірге, аймақта «KHAN» отбасылық ойын сауық кешені іске қосылған. Алдағы 5 жылда жалпы құны 48,0 млрд.теңгелік 41 инвестициялық жоба іске асырылып, 1000-нан астам жұмыс орны құрылады деп күтілуде.«Ауыл аманаты» бағдарламасы Арыс қаласында 5 ауылдық округте (Ақдала, Дермене, Байырқұм, Жиделі, Қожатоғай) іске асырылуда. Бүгінгі таңда, «Ауыл аманаты» бағдарламасы аясында Ақдала, Дермене, Байырқұм, Жиделі, Қожатоғай ауылдық округінен 770,2 млн. теңгеге 131 жоба мақұлданып, қаржыландырылған. Бұл туралы Арыс қаласының әкімі Гүлжан Құрманбекова баяндамасында айтып өтті. Сонымен бірге, қала бойынша ауыз су құрылысына жалпы құны 2,2 млрд. теңге болатын 14 жоба әзірленген.
Партиялық алаңда өткен жиында облыс әкімдігінің тиісті салалық басқармаларының басшылары қаралған мәселелер жөнінде атқарылған жұмыстар бойынша есеп беріп, өңірлік даму жөніндегі кеңестің төрағасы, облыстық мәслихат депутаты Бақытжан Серманизов және кеңес мүшелері тарапынан қойылған сауалдарға жауап берді.Кеңес отырысында сөз алған «AMANAT» партиясы Түркістан облыстық филиалы атқарушы хатшысының орынбасары Полат Тұрсынбаев жиында қаралған мәселелердің барлығы партияның Сайлауалды бағдарламасында қамтылған өзекті міндеттер екенін айтап өтті. Табиғи газ мәселесіне қатысты өзекті жәйттерді жеткізді. Өңір экономикасын әртараптандыру, сапалы жұмыс орындарын құру, салық түсімінің көзі ретінде кәсіпкерлікті дамыту басымдығы бар мәселелелер санатында партияның тұрақты бақылауында болатынын айтты. Аграрлық мәселелер, ауыл дихандарының сұраныстары үнемі партияның назарында екенін жеткізді. Өңір тұрғындарының газбен қамту өтініштері мен ауылдық жерлердегі жұмыссыздық деңгейін төмендету бағытындағы жұмыстар партиялық фракция депутаттарының қадағалауында, партиялық алаңдарда тұрақты қаралатын тақырыптар болып қала беретінін жария етті. Осы міндеттер үдесінен шығуға терең әріптестікте жұмыс жүргізіп жатқан кеңестердің мүшелеріне, өкілді және атқарушы биліктің өкілдеріне, партияластарға алғысын білдіріп, ымыралы ынтымақтастық биік жұмыс көрсеткіштерін бағындыруға жәрдемші болатынын жеткізді.