Жаңалықтар

ТҮРКІСТАН: КЕЛЕС АУДАНЫНЫҢ ТАҒЫ ЕКІ АУЫЛЫНА ТАБИҒИ ГАЗ БЕРІЛДІ

Мемлекет басшысы Қ.Тоқаев «Әділетті мемлекет. Біртұтас ұлт. Берекелі қоғам» атты Жолдауында «Жергілікті өзін-өзі басқару мәселелеріне, қоғамдық кеңестердің, пәтер иелері кооперативтері мен мүлік иелері бірлестіктерінің  қызметін өзгертуге  айрықша назар аудару қажет. Тұрғын-үйлер мен қала инфрақұрылымын абаттандыру мәселесін қолға алу керек, деп айтып өткен болатын.

Осы орайда, Түркістан облысының және Келес ауданының құрылғанына 5 жыл толуы қарсаңында Қошқарата ауылдық округінің Мақташы және Алғабас елді мекендеріне табиғи газ берілді. Тұрғындардың қуанышымен бөлісуге Келес ауданының әкімі Жәнібек Ағыбаев арнайы барып, табиғи газды қосу рәсіміне қатысты.

— Түркістан облысының әкімі Дархан Амангелдіұлы елді мекендердегі газға қатысты жобаларды жедел аяқтап, газдандыру жұмысын жандандыруды тапсырған болатын. Өңірде осы бағытта жұмыстар жүруде. Бүгін Келес ауданына қарасты Қошқарата ауылдық округінің Мақташы және Алғабас ауылындағы 258 үйді газға қосуға мүмкіндік туып отыр. Баршаңыздың шаңырақтарыңызға амандық, саулық және жылулық тілеймін, — деді аудан басшысы.

Аудан әкімі салтанатты рәсімнен соң жергілікті тұрғындармен тілдесіп, олардың пікірлері мен ұсыныстарын тыңдады. Аудан аумағында атқарылып жатқан шараларға тоқталып, алдағы жоспарлармен бөлісті.

Айта кетейік, Келес ауданында 133 753 тұрғын, 83 елді мекен бар. Оның ішінде 60 елді мекен табиғи газбен қамтылған. Яғни елді мекендердің 72,3%, тұрғындардың 94,4% газдың игілігін көріп отыр (бүгінгі таңда 14 361 абонент бар). Биыл Келес ауданы бойынша 9 елді мекенді табиғи газға қосу жұмыстары жүргізілуде.

Қатысты жаңалықтар

ФРАКЦИЯ ОТЫРЫСЫНДА СУ, ЭЛЕКТР, ГАЗ ЖӘНЕ ЖЫЛУМЕН ҚАМТУ ЖАЙЫ ҚАРАЛДЫ

azatmedia

ТҮРКІСТАН: ТЕРІСКЕЙГЕ КӨШУДІҢ ТИІМДІ ТҰСЫ КӨП

azatmedia

ПАРТИЯЛЫҚ ФРАКЦИЯДА АУҚЫМДЫ МӘСЕЛЕЛЕРДІҢ ЕСЕБІ ТЫҢДАЛДЫ

azatmedia