Жаңалықтар

ШЫМКЕНТТІК 82 ЖАСТАҒЫ ҚАРИЯ САЙЛАУ УЧАСКЕСІНДЕ ӨЗ ТАҢДАУЫН ЖАСАДЫ

Бүгінгі ҚР Парламенті Мәжілісі мен мәслихат депутаттарының кезектен тыс сайлауында Айқап шағынауданында орналасқан №79 сайлау учаскесінде сайлаушылар белсенділік танытып, еліміздің жарқын болашағы үшін таңдауын жасап жатыр. Сайлау учаскесінде таңнан бері 200-ге жуық тұрғын дауыс берген. Солардың бірі – 82 жастағы қария Мекенбай Джолдасов.

– Сайлау – еліміздегі маңызды саяси науқан. Мен еліміздің болашағы, Отанымыздың өркендеуі үшін дауыс беруге келдім. Биылғы сайлау ұлттық мерекеміз Ұлыстың Ұлы күнімен тұспа-тұс келіпті. Сенім білдіріп, үміт артқан азаматтарымыз еліміз үшін қызмет етсін. Қазақстанымыз өсіп-өркендесін! Еліміз аман, жұртымыз тыныш, бейбітшілік ел болсын! – деп қария ақ батасын берді.

Айта кетейік №79 сайлау учаскесі таңғы 7-ден бастап жұмысын бастады. Халықтың ел болашағына бей-жай қарамайтындығы көңіл қуантты.

«Шымкент келбеті»

Қатысты жаңалықтар

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ АБАЙ ӨҢІРІНЕ КӨРМЕ ОРТАЛЫҒЫН ТАРТУ ЕТЕДІ

azatmedia

Балалардың көзінше төбелескен ене мен келін ел алдында ұятқа қалды (видео)

azatmedia

ДАРХАН САТЫБАЛДЫ: «ӘРБІР ҚҰРЫЛЫСЫ КЕШІККЕН НЫСАННЫҢ АРТЫНДА ЕЛДІҢ МӘСЕЛЕСІ ТҰРҒАНЫН ЕСТЕН ШЫҒАРМАЙЫҚ»

azatmedia