Жаңалықтар

ТҮРКІСТАН: ЖЕТІСАЙДА 12 МЫҢ ТҮП ГҮЛ МЕН 23 МЫҢ ТҮП КӨШЕТ ОТЫРҒЫЗЫЛДЫ

Мемлекет басшысының Қазақстан халқына арнаған Жолдауында Үкіметке коммуналдық инфрақұрылымды жаңғыртуды тапсырды, «Жергілікті өзін-өзі басқару мәселелеріне, қоғамдық кеңестердің, пәтер иелері кооперативтері мен мүлік иелері бірлестіктерінің  қызметін өзгертуге  айрықша назар аудару қажет. Тұрғын-үйлер мен қала инфрақұрылымын абаттандыру мәселесін қолға алу керек», деген болатын.

Осы орайда, Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды облыста көгалдандыру жұмыстарын жандандыруды тапсырған болатын. Осы орайда Жетісай ауданындағы қала, кент, барлық ауылдық округтерде көгалдандыру жұмыстары қарқынды жүргізілуде. Егілген гүлдер мен көшеттерге жергілікті қазынадан қаржы қаралмаған, бәрі де демеушілер мен Түркістан облыстық Табиғи ресурстар басқармасы тарапынан жеткізіліп отыр.

Қазіргі таңда қаладағы тұрғындар жиі жүретін көпшілік орындары мен аудан әкімдігінің маңына 9 мың дана питуния, 3 мың дана шафран гүлдерінің көшеттері отырғызылды. Былтыр аудан тұрғындары жиі баратын демалыс орындары мен скверлерге, парктер мен аллеяларға 19 мыңға тарта көшет отырғызылса, биылғы жылы 23 мың түп туя, сән ағаштары, сирень, кипорис, терек, шынар, қарағаш, багрянник, қарағай, каштан мен бадам секілді көшеттер егілген.

Қатысты жаңалықтар

БАҚ ТУРАЛЫ ЗАҢҒА ӨЗГЕРІС ЕНГІЗУ – УАҚЫТ ТАЛАБЫ

azatmedia

СОЗАҚ АУДАНЫНЫҢ ӘКІМІ «БАҚ-НҰРЫ» ІСКЕР ӘЙЕЛДЕР ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ БЕЛСЕНДІ МҮШЕЛЕРІН ҚАБЫЛДАДЫ

azatmedia

АРЫС – ТАБЫСТЫ ЖОБАЛАР МЕН ИНВЕСТИЦИЯЛАР ҮШІН ТАРТЫМДЫ ҚАЛАҒА АЙНАЛДЫ

azatmedia