Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінің баспасөз мәслихатында Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров баяндады.
Облыс әкімінің айтуынша, өңірдің агроөнеркәсіптік кешені саласында 2025 -2027 жылдарға инвестициялық жобаларды іске асырудың Жол картасы бекітілді. Жол картасы аясында жалпы құны 295,5 млрд. теңгеге 78 инвестициялық жобаны жүзеге асыру жоспарланған. Биыл 31 жобаны жүзеге асыру көзделіп, бүгінгі күнге 60,8 млрд. теңгеге 27 жоба іске асырылып, 1030 жаңа жұмыс орны құрылған.
– Түркістан – ауыл шаруашылығын дамытуға қолайлы өңір. Біз өнімді шикізат күйінде сатып қана қоймай, ауыл шаруашылығы саласында терең өңдеуге басымдық берудеміз. Заманауи технологияр енгізіліп жатыр. Атқарылған жұмыстардың нәтижесінде агроөнеркәсіп кешенінде экономикалық өсім қамтамасыз етілді. Биылғы 10 айда ауыл шаруашылығының негізгі капиталына 155,6 млрд. теңге инвестиция тартылып 1,1 есе ұлғайды. Тамақ өндірісінің негізгі капиталына 31,5 млрд. теңге инвестиция тартылып, 1,3 есе ұлғайды, – деді Нұралхан Көшеров.
Бүгінде облыста ауыл шаруашылығы өнімдерінің экспорты 355,5 млн. АҚШ долларын құрап, 1,1 есеге артты. Жалпы өнім көлемі 182,5 млрд. теңгеге ұлғайып, 1 трлн. 86,9 млрд. теңгеден асты. Бұл бойынша өңір республикада бірінші орында тұр.
Биыл облыста ауыл шаруашылығы дақылдары 907 мың гектарға егіліп, өткен жылдан 34 мың гектарға артты. Дала жұмыстарына жанар-жағар май босату, кредиттік ресурстар, минералды тыңайтқыштар, тұқым бөлу шаралары мерзімінде жүргізілді. Нәтижесінде 695 мың тонна дәнді дақыл, 54 мың тонна майлы дақыл, 1,5 миллион тонна көкөніс пен картоп,
1,7 миллион тонна бақша өнімі, 5 миллион тонна малазықтық дақыл және 428 мың тонна мақта жиналған.
Облыста өнеркәсіптік жылыжайларды дамыту жұмысы қарқынды. Биыл жылыжайлар көлемі 75 гектарға ұлғайып, жалпы алаңы 1715 гектарға жетті. Нәтижесінде республикадағы үлесі 76 пайызға өсті. Жылыжайлардың бірінші айналымынан 102 мың тонна көкөніс жиналды. Келесі жылы көлемін қосымша 62 гектарға ұлғайтып, үлесін 80 пайызға жеткізу көзделген. Келес ауданында 500 гектарда «ЕcocultureЕurasia» ірі жылыжай кешені салынуда. Бұл – жыл бойы 240 мың тоннадан астам көкөніс өсіруге мүмкіндік беретін жоба, 7 мың жұмыс орны құрылады. Биыл жобаның 1-кезеңі іске қосылады.
Бұл жетістіктер Түркістан облысының агроөнеркәсіп саласының тұрақты дамуы мен болашағына сенім ұялатады. Өңірдің ауыл шаруашылығында қол жеткізілген жоғары көрсеткіштер, бір жағынан, табиғи ресурстардың тиімді пайдаланылуының нәтижесі, екінші жағынан, мемлекеттік қолдаудың және заманауи технологиялардың енгізілуінің жемісі. Түркістанның ауыл шаруашылығының өркендеуі, өз кезегінде, ауыл тұрғындарының тұрмысын жақсартып, жаңа жұмыс орындарының ашылуына мүмкіндік беруде. Қазіргі кезде агроөнеркәсіптік кешенде іске асып жатқан инвестициялық жобалар мен модернизацияланған өндіріс алаңдары ауыл шаруашылығының өнімділігін арттырып, өңірдің экономикалық ахуалын жақсартады.
Биылғы жылы жылыжайлардың көлемінің ұлғаюы Түркістан облысының агроөнеркәсіп саласының озық технологияларды қабылдай отырып, жоғары сапалы ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіріп, сол арқылы еліміздің азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған жұмысын көрсетеді. Жылыжай шаруашылығының дамуы, әсіресе көкөніс пен басқа да дақылдардың өсірілуі мен жинақталуы, Түркістан облысының аграрлық секторының мол өнім алу мүмкіндігін арттырады. Бұған қоса, жылыжай кешендері арқылы ауыл тұрғындарының жұмыспен қамтылуы да жақсарып, өңірдегі еңбек нарығына оң әсер етеді.
Алдағы уақытта облыстағы ауыл шаруашылығы саласының дамуына тағы да елеулі инвестициялар құйылып, жаңа жобалар іске асырылатыны белгілі. Бұл дегеніміз, Түркістан облысы агроөнеркәсіптік кешендегі тың бастамалар мен жаңашылдықтарды жүзеге асыра отырып, тек аймақтық деңгейде ғана емес, жалпы республикада да маңызды көшбасшы ретінде қалыптасып келеді. Ауыл шаруашылығының әртүрлі салаларында инвестициялар тарту мен инновациялық технологияларды енгізу, экологиялық таза өнімдер өндірісіне мән беру, кәсіпкерлер мен фермерлер үшін үлкен мүмкіндіктер туғызады. Осыған орай, Түркістан облысы басқа өңірлерге үлгі бола отырып, ауыл шаруашылығы саласында сапалы өсу мен тұрақты даму үшін қажетті барлық жағдайларды жасап келеді. Агроөнеркәсіп кешенінің дамуы тек экономиканың ғана емес, халықтың әлеуметтік жағдайын жақсартуға да ықпал ететін маңызды сала болып саналады. Сондықтан алдағы жылдарда бұл бағыттағы жұмыстарды одан әрі жалғастырып, аграрлық реформаларды тереңдету, экспортты арттыру және жаңа технологияларды енгізу арқылы Түркістан облысы еліміздегі агроөнеркәсіп саласының көшбасшысы болуға барлық мүмкіндікке ие.
