Жаңалықтар

Жергілікті басқару жүйесінде елеулі өзгерістер көп

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Жаңа Қазақстан: Жаңару мен жаңғыру жолы» атты Қазақстан халқына арнаған өткен жылғы Жолдауында іргелі бастамалар көтерген болатын.Солардың ішінде ерекше тоқталатыны – әкімшілік-аумақтық құрылымды жетілдіру. Бір жыл ішінде Жолдауда айтылған негізгі бастамаларға алғашқы қадамдар жасалып та жатыр. Ел тағдыры сынға түскен уақытта Президентіміз табандылықпен тарихи шешімдер қабылдады. Былтырғы жалпыхалықтық референдум мен Президент сайлауы елді де, қоғамды да түбегейлі өзгертті.Жолдаудан соң жалпыхалықтық референдум өтіп, аумақтық бөліністер жасалды. Жаңа облыстар құрылып, олардың орталықтары белгіленді. Ұлытау облысының орталығы – Жезқазған, Абай облысының орталығы – Семей қалалары болып бекітілді. Ал, Жетісу облысының орталығы – Талдықорған қаласы болған соң, Алматы облысының орталығы Қонаев қаласына көшірілді. Осындай батыл қадамынан-ақ Президенттің сөзден нақты іске көшкендігін аңғаруға болады.Жаңа заңнамаға сәйкес, енді Президент тіпті жергілікті әкімдердің бұйрықтарын жоя алмайды. Өңірдегі билік ісіне араласпайды. Президент, әкім, сот белгілі бір партияға мүше бола алмайды. Бұл Мемлекет басшысының тың бастамалары болатын.Сондай-ақ, мемлекет пен азаматтық қоғам арасында сындарлы әріптестік орнату жұмысы жалғасты. Бабалар жолымен Ұлттық құрылтай шақырылуын осы бағыттағы ілкімді істердің дәлелі деуге болады. Оның алғашқы отырысы ұлт ұясы – Ұлытауда өтті, екінші отырысы киелі Түркістанда өтеді.Ең бастысы, Президенттің бастамасымен іске асқан саяси реформалар ұлттық құндылықтарымызды жаңғырту үдерісіне тың серпін берді. Сондай-ақ, азаматтардың белсенділігін арттыруға және олардың елімізді жан-жақты дамыту ісіне атсалысуына жол ашты.
Сейдулла САДЫҚОВ, ХҚТУ-нің оқытушысы, филология ғылымдарының докторы, профессор

Қатысты жаңалықтар

ТҮРКІСТАН: ӨҢІРДЕГІ ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕР МЕН ЕЛ БІРЛІГІН НЫҒАЙТУ ЖОЛДАРЫ ТАЛҚЫЛАНДЫ

azatmedia

Ақтөбеліктер қаруланып жатыр

azatmedia

ШЫМКЕНТ: ҚАЗНЕТТЕ ТАРАЛҒАН БЕЙНЕЖАЗБАҒА БАЙЛАНЫСТЫ ТҮСІНДІРМЕ БЕРІЛДІ

azatmedia