Жаңалықтар

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ОРМАН ЖӘНЕ ДАЛА ӨРТТЕРІН СӨНДІРУ БОЙЫНША ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫ ӨТТІ

Қазақстан Республикасы Президентінің Жолдауына сәйкес, мемлекеттік орман қорында 2 млрд. және қалалар мен елді мекендер аумағына 15 млн. ағаш-көшеттерін отырғызу тапсырмасын орындау мақсатында, облыс әкімдігі кешенді жоспар қабылдап, алдағы 5 жылда 132 мың гектар аумаққа 217 млн. түп ағаш егу жоспарланған. Оның ішінде облыстық табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасына қарасты мекемелермен 110 мың гектар жерге 170 млн. түп орман дақылдарын егу қолға алынып, атқарылуда. Былтыр орман қорының 16 200 гектар аумағына 23 818 мың данаға жуық әртүрлі ағаш көшеттері егілді. Биыл 20 300 гектар аумаққа 32 миллионнан аса көшет егу жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Түркістан облысының табиғи ресурстар және табиғатты пайдалану реттеу басқармасына қарасты орман шаруашылығы коммуналдық мемлекеттік мекемелері мен Төтенше жағдайлар департаментінің қатысуымен орман және дала өрттерінің алдын алу мен бірлесіп сөндіру бойынша өзара іс-қимыл жөніндегі тактикалық оқу-жаттығу жиыны өтті.

Аталған жиынға Түркістан облысы табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасының басшысы Қайрат Абдуалиев, облыстық төтенше жағдайлар департаменті бастығының орынбасары Бақытжан Запаров, Түркістан облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясының, Түркістан облысының төтенше жағдайдар департаментінің және «Ақсу-Жабағалы мемлекеттік табиғи қорығы» республикалық мемлекеттік мекемесі, «Қаратау мемлекеттік табиғи қорығы» республикалық мемлекеттік мекемесі, «Сайрам-Өгем мемлекеттік ұлттық табиғи паркі» республикалық мекемесінен және Түркістан облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасына бағынысты орман иеленуші мекемелері қатысты. Оқу-жаттығуға өңірдегі өрттің алдын алуға жауапты 150-ден аса маман мен 70-ке жуық техника жұмылдырылды.

Оқу-жаттығудың мақсаты – өртке қарсы құрылымдардың тәжірибелік іс-қимылдары жоспарын сынақтан өткізу және жетілдіру, дала-орман өрттерін сөндіру кезінде орман шаруашылығы мекемелері мен аудан, қала әкімдіктерінің өзара әрекет жасауы жөніндегі тиімділігін көтеру. Жылда өтетін іс-шара дала, орман өрттерімен күресетін мекемелердің дайындығын пысықтауда өте маңызды.

Еліміздегі жалпы орман қорының 11,4 пайызы Түркістан өңіріне тиесілі. Облыста 3,5 млн. гектарға жуық орман қоры аумақтары бар. Орманмен көмкерілген алқабы – 1 556 981 гектар. Орман шаруашылығы мекемелерінде техникалар саны 2018 жылы 306 дана болса, қазіргі күнде 443 данаға жетіп, 44,8 пайызға өсті. Облыс әкімдігінің қолдауымен орман шаруашылығына қажетті барлығы 69 бірлік, оның ішінде 21 трактор, 9 автокөлік, 15 тіркеме алынды.

2022 жылы облыстың орман қоры аумақтарында 1 орман өрті тіркеліп, барлығы 35,5 гектар, оның 34 гектары орманмен көмкерілген алқапты өрт шалып, орман шаруашылығына 1456,5 мың теңге залал келді.

Өткен жылы Қостанай облысындағы ірі орман өрті елді мекендерге зиянын тигізді. Нәтижесінде, 43 мың га, оның ішінде орманмен көмкерілген 33,8 мың га алқап отқа оранған болатын. Орын алған орман өрті республика көлемінде резонанс туғызып, орман заңдылықтарына, оның ішінде орманды өрттен қорғау нормативтеріне бірқатар өзгерістер енгізілді. Сондықтан облыс аумағында жоғарыда атап өткендей кең көлемде орман өртіне жол бермеу және алдын алу мақсатында биылғы өңірдегі ормандардағы өрттерді қорғау үшін алдын алуға осындай оқу-жаттығу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Аудан, қала әкімдіктері мен тұрғындар, саяхатшылар өрт қауіпсіздігін қатаң сақтауы керек. Басқармаға қарасты 7 орман шаруашылығы мекемелерінің тұқымбақтарында 30-35 млн. данадан астам әртүрлі көшеттері өсірілуде. Алдағы уақытта көшеттердің санын 60 миллионға жеткізу жоспарланып, тиісті жұмыстар атқарылуда.

Қатысты жаңалықтар

ТҮРКІСТАН: ТӨЛЕБИ АУДАНЫНДА ЖАҢА МАССИВТЕРГЕ ИНФРАҚҰРЫЛЫМ ЖҮЙЕЛЕРІ ТАРТЫЛУДА

azatmedia

ТҮРКІСТАНДА «ӘНІМ СЕНСІҢ – ТУҒАН ЖЕР» АТТЫ ЭТНОС ЖАСТАРЫ АРАСЫНДА ПАТРИОТТЫҚ ӘНДЕР БАЙҚАУЫ ӨТТІ

azatmedia

ТҰРҒЫНДАРДЫҢ БАЗЫНАСЫН БАҚЫЛАУ ЖӨНІНДЕГІ БАСҚАРМА ТЫҢДАДЫ

azatmedia