Қоғам

Мақсат — елді түбегейлі жаңғырту

Қазақстан халқы Ассамблеясының «Ел бірлігі – жаңарған Қазақстанның тірегі» атты XXXI сессиясында ҚР Президенті Қ.Тоқаев: «Референдум әрбір азаматқа ел тағдырын шешуге тікелей қатысуға мүмкіндік береді және жан-жақты демократияландыру мен Жаңа Қазақстанды құру жолындағы бағытымызды нығайтады» деген болатын. 

Өткен жылғы референдумнан халықтың оң өзгеріс күткені мәлім. Мемлекеттік басқару жүйесінде қандай да бір жаңалықтар болуы тиіс еді. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев халықтың көкейіндегісін дөп басып, саяси жүйені жаңғыртуға бел буды. Жаңғырту Президент Жолдауларынан бастау алды. Ол бүкілхалықтық референдумға ұласты. 

Жалпыхалықтық референдумда ел Конституциясының 33-бабына түзетулер енгізілді. Конституцияға енгізілген бұл өзгерістердің барлығы да тарихи тұрғыдан маңызды болатынына әрі елімізді дамытудың жаңа кезеңіне алып келетініне күмән жоқ. Себебі, бұл реформалар ауқымды саяси жаңғырудың маңызды бөлігі болып саналады. 

Заман өзгерген соң халықтың талабы мен талғамының ауқымы да кеңейетіні белгілі. Конституция баптарына енгізілген өзгертулер мен толықтыруларда, ашығын айту керек, ҚР Президентінің өз өкілеттіктерін жүзеге асыру кезеңінде саяси  партияда болмауы тиістігі, Президенттің жақын туыстарының мемлекеттік саяси қызметте және квазимемлекеттік субъектілердің басшысы бола алмайтыны көңілге қонды. Бұл әділдік принциптерінің назарға іліккені деп түсіндік. Шындығында қоғамның барлық топтарына бірдей көзқарас қажет. Сонда ғана халықтың билікке деген сенімі нығаяды.

Саяси жүйесі әділ мемлекетте әлеуметтік салада да, жалпы экономикада да қарқынды ілгерілеушіліктер болатынын халық та жақсы түсінеді. Конституциядағы кейбір түзетулер азаматтардың құқықтарын қорғау тәсілдерін жетілдіруге негізделген. Конституциялық сот азаматтардың өтініштері бойынша олардың Конституцияда бекітілген құқықтары мен бостандықтарына тікелей қатысты нормативтік-құқықтық актілердің Конституцияға сәйкестігін қарайды.   

Конституциялық реформаларды референдум арқылы қабылдаудың нәтижесінде «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасы іс жүзінде қолға алынды. Конституциялық реформаның мақсаты – елді түбегейлі жаңғырту.

Абай СЕРКЕБАЕВ, Қазығұрт аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы

Қатысты жаңалықтар

ҚАЛАДА АУЫР ЖҮК КӨЛІКТЕРІНІҢ ЖҮРІСІНЕ ШЕКТЕУ ҚОЙЫЛДЫ

azatmedia

Құырлтайда қоғамға қауіпті бес кеселмен бүкіл ел болып күресу керектігін айтты

azatmedia

Орман-дала өрттерінің алдын алу

azatmedia