Мемлекет басшысы «Әділетті мемлекет. Біртұтас ұлт. Берекелі қоғам» атты Қазақстан халқына Жолдауында – келер жылы 100 мың жасты жұмысқа орналастыру. Қазіргі жұмыссыз жүрген жастарды кәсіппен баулып, жұмыспен қамту – ұлттың болашағына жасалып жатқан үлкен қадам. Сондай-ақ, Жолдауда Мемлекет басшысы қарапайым еңбек адамдарына құрмет көрсету туралы айтты.Осы орайда, Түркістан облысы Кентау қаласындағы Қарнақ ауылында балық аулау демалыс орталығы іске қосылды, деп хабарлайды Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметіне сілтеме жасаған anyqtimes.kz ақпараттық агенттігі.Кәсіпкер Құрбан Казиханов 2015 жылдан бері бұл кәсіп түрін қолға алған. Алғашқы да кішігірім жасанды көл жасап, оған тұқым шашып, өнімін алады. Кәсіптің берекесін сезінген ол ұлғайтуды қолға алып, есігінің алдын кеңейте бастайды.Бүгінде кәсіпкер шаруашылығының маңайын демалыс орталыққа айналдырып, ел тынығатын аймаққа жеткізуді мақсат етіп отыр.– Балық шаруашылығын бір сиыр бұзауымен сатып, сол ақшаға 25 кг тұқым алып, кәсіптің көзін бастағанмын. Бүгінде міне, кәсібім қанатын кеңге жайып, отбасылық ісімізге айналды, – дейді кәсіпкер.Бұл аймақтан төрт түрлі балықты кез келген демалушы өзі аулап, аулаған балығын сол жерде дайындатып, тамақтана алады. Тіпті отбасымен барғандарға арнайы орындар мен шомылуға арналған бассейн орнатып жатыр.Қарнақ ауылында орналасқан бұл демалыс аймағына қазірдің өзінде келушілер қатары көп. Кәсіпкер 10-ға жуық ауыл тұрғынын жұмыспен қамтыған. Ол алдағы уақытта мемлекеттен несие алып, кәсібін жаңа қажеттіліктермен толықтыруды жоспарлап отыр.
Келесі жаңалық