Мемлекет Басшысының 2022 жылғы 1 қыркүйектегі Жолдауында «Халық қатысатын бюджет» жобасы тиімді іске асырылып жатыр. Оның ауқымын кеңейтіп, жобаға аудандық маңызы бар қалалар мен ауылдарды тарту керек. Тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығы қаржысының кемінде 10 пайызы қайда жұмсалатынын қоғамның өзі айқындауға тиіс» деген болатын.
Осы орайда, «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында Түркістан облысының Сарыағаш ауданында біршама өзгерістер орын алды.
Сарыағаш ауданының Аудан әкімі Арман Абдуллаев Сарыағаш қаласын дамыту мәселесі бойынша бірқатар нысандарға барды. Алдымен, қалаға кіреберіс аумақта атқарылып отырған жұмыстарды аралап көрді.
Бүгінде аталған аумақта А-15 республикалық маңызы бар тас жолы бойын абаттандыру жұмыстары қарқынды жүргізіліп жатыр. «Сәулет 2012» ЖШС-і мердігер мекемесі тарапынан жол бойындағы көп жылдық арша ағаштарын ретке келтіру, қураған ағаш бұталарын кесу, әктеу, дәрілеу және жол бойын шөптерден тазарту жұмыстары атқарылуда.
Ал, «EREKE Construction» ЖШС-і мердігер мекемесі тарапынан жолдың қос бетіндегі ағаш қоршауларды жөндеу, қайта сырлау жұмыстары қолға алынған. Аталған жұмыстардың барысына куә болған аудан әкімі жауапты тұлғаларға жұмыс барысында қауіпсіздік талаптарын сақтай отырып, жұмыстарды сапалы орындауды ескертті.