Соңғы жаңалықтар

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ӘЙЕЛДЕР АРАСЫНДА ЖҰМЫССЫЗДЫҚТЫ АЗАЙТУ МӘСЕЛЕСІ ҚАРАЛДЫ

Түркістан облысы әкімінің жанындағы әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі комиссия отырысы өтті. Жиынға комиссия мүшелері, басқарма басшылары, құзырлы орган өкілдері, сондай-ақ аудан және қала әкімдерінің орынбасарлары мен қалалық комиссия мүшелері селекторлық форматта қатысты.

Комиссия отырысын облыс әкімінің орынбасары, комиссия төрағасы Ертай Алтаев ашып, күн тәртібіндегі маңызды мәселелерге тоқталды.

Отырыста әйелдер арасындағы жұмыссыздық деңгейі және оны төмендету, әйелдер мен балаларға қатысты зорлық-зомбылықтың алдын алу, ғылым және инженерия салаларында қыздарды қолдау бағдарламаларын әзірлеу және іске асыру барысы қаралды.

Күн тәртібіндегі мәселелер бойынша Облыстық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы басшысының орынбасары Самат Байғұтов, Түркістан облысы полиция департаменті басшысының орынбасары Бауыржан Жанаев пен облыстық білім басқармасының басшысы Ғалымжан Орынов және өзге де жауыпты өкілдер баяндама жасады.

Жиын барысында әйелдер арасындағы жұмыссыздық деңгейін төмендету мақсатында жүзеге асырылып жатқан мемлекеттік бағдарламалардың тиімділігі талқыланып, әйелдерді тұрақты жұмыспен қамту және кәсіпкерлікке тарту бағытындағы жұмыстар сараланды. Сонымен қатар әйелдер мен балаларға қатысты зорлық-зомбылықтың алдын алу, құқықтық сауаттылықты арттыру және халық арасында түсіндіру жұмыстарын күшейту мәселелері сөз болды. Комиссия мүшелері тарапынан бірқатар нақты ұсыныстар айтылып, сұрақтар қойылды.

Комиссия отырысының қорытындысы бойынша аудан, қала әкімдіктеріне әйелдер арасындағы жұмыссыздық деңгейін төмендету бойынша жұмысты күшейту, полиция департаментіне профилактикалық іс-шараларды жандандыру, білім басқармасына қыз балаларды STEM бағыттарына тартуға арналған арнайы жобаларды жүйелі түрде ұйымдастыру бойынша нақты тапсырмалар берілді.

Облыс әкімінің орынбасары берілген тапсырмалардың орындалуын тұрақты бақылауда ұстап, атқарылған жұмыстар жөнінде тұрақты түрде ақпарат ұсынып отыруды міндеттеді.

Комиссия отырысында әйелдердің экономикалық белсенділігін арттырудың маңыздылығы атап өтіліп, оларды жаңа мамандықтарға оқыту, біліктілігін жетілдіру және кәсіпкерлік бастамаларын қолдау бағытындағы жұмыстарды күшейту қажеттігі айтылды. Бұл шаралар әйелдердің еңбек нарығындағы мүмкіндіктерін кеңейтуге және отбасы табысын арттыруға ықпал етеді.

Сонымен қатар, ауылдық жерлердегі әйелдерді жұмыспен қамту мәселесіне ерекше назар аударылып, шағын кәсіп ашуға, әлеуметтік жобаларға қатысуға және мемлекеттік қолдау тетіктерін тиімді пайдалануға жағдай жасау бағыттары қаралды. Жергілікті деңгейде көрсетілетін көмектің сапасын арттыру арқылы әйелдердің тұрақты табыс көзін қалыптастыруға мүмкіндік беріледі.

Жиында қыз балалардың ғылым, технология, инженерия және математика бағыттарына қызығушылығын арттыру мәселесіне де басымдық берілді. Бұл салаларда білім алуға ынталандыру арқылы болашақта заманауи мамандықтарды меңгерген, бәсекеге қабілетті жас мамандар қатарын көбейту көзделіп отыр. Жалпы, әйелдердің құқықтары мен мүмкіндіктерін кеңейту, олардың қоғамдағы белсенділігін арттыру және отбасылық құндылықтарды нығайту бағытындағы жұмыстар облыста жүйелі түрде жалғасуда. Қабылданған шаралар әлеуметтік тұрақтылықты қамтамасыз етуге және тұрғындардың әл-ауқатын жақсартуға бағытталған.

Қатысты жаңалықтар

ШЫМКЕНТТЕ «АҚЫЛДЫ АЯЛДАМА» ПАЙДА БОЛДЫ

azatmedia

ТҮРКІСТАН: ОРДАБАСЫ АУДАНЫНДА ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ЖОБАЛАР ЖҮЗЕГЕ АСЫП, ЖАҢА ЗАУЫТТАР САЛЫНУДА

azatmedia

ШЫМКЕНТ: ҚАРАТАУ АУДАНЫНДА ИНФРАҚҰРЫЛЫМ МӘСЕЛЕЛЕРІ КЕЗЕҢ-КЕЗЕҢІМЕН ШЕШІІЛІП КЕЛЕДІ

azatmedia