Қоғам Соңғы жаңалықтар

Жол мәселесі шешімін тауып келеді

Түркістан облысы, Сарыағаш ауданы, Қызылжар ауылдық округіндегі тозығы жеткен жолдар жөнделіп, халықтың мәселесі шешіліп келеді. Бұл туралы өңір әкімі 2021 жылдың 10 айының қорытындысы туралы есебінде айтты.

Округ аумағында жалпы 44 көше бар. Жалпы ұзындығы 40,1 шақырымды құрайды. Оның ішінде 17,4 шақырымы – асфальт, 21,9 шақырымы – тас жол, 0,77 шақырымы – топырақ жол.

2021 жылға 2,75 шақырымды құрайтын 5 көшені шағалдауға 20 млн теңге қаралып, қазіргі таңда аталған көшелерге тас шағалы толығымен төселіп, жұмыстар аяқталды. Сонымен қатар жалпы ұзындығы 26,8 шақырымды құрайтын 28 көшеге жобалау сметалық құжаттамасы жасалды. Соның ішінде 10,8 шақырымды құрайтын 13 көше 2022 жылға «Ауыл – ел бесігі» бағдарламасы бойынша орта жөндеуден өткізіледі. Қалған 15 көше 2025 жылға дейін кезең-кезеңімен орта жөндеуден өтетін болады. Жобаның жалпы құны – 553 миллион теңгеден асады.

Қатысты жаңалықтар

Танымал блогер айрықша ұсыныс айтты

azatmedia

ЖАЗУШЫ МАРХАБАТ БАЙҒҰТТЫ ҚАБЫЛДАДЫ

azatmedia

«Еңбек адамы» айдарының кейіпкері –Маханова Индира

azatmedia