Түркістан облысы, Сарыағаш ауданы, Жемісті ауылдық округінде әкімдік тарапынан әлеуметтік тұрғыда аз қамтылған отбасыларға көмектер көрсетіліп, демеушілер тарапынан қаржылай қолдау беріліп келеді.
2021 жылдың қаңтар айынан бастап атауылы әлеуметтік көмекке 55 азамат өтініш білдірген. Орталықтан келген ассистенттің саралауы барысында 53азаматтың құжаттары комиссияға жолданған. Комиссиядан 53 азаматтың құжаттары орталыққа ұсынылып, қаржыландырылған.
Ауылдық округ аумағында «Қамқорлық» бағдарламасы аясында жыл басынан бері 1 дағдарыстағы отбасыға кәсіпкерлердің демеушілігімен және белсенділерінің ұйымдастыруымен 60 мың теңгелік қаражат жұмсалып, азық-түлік себеттері берілді. Дағдарыстағы отбасының АӘК құжаттары рәсімделіп, І және ІІ-ІІІ тоқсанға қаржы тағайындалып, төленді. Бүгінгі күнде бұл отбасыға демеушілер есебінен тиісті әлеуметтік көмектер көрсетілуде.
«Бастау-Бизнес» жобасы аясында кәсіпкерлік негіздеріне оқыту бойынша 10 адамды қамту жоспарланған. 9 ай барысында 13 адам оқытылды. Яғни жоспар артығымен орындалған. Жаңа бизнес идеяларды іске асыру үшін биылғы жылға 5 адам жоспарланып, 3 адам қатысқанын да тілге тиек ете кету керек.