Түркістан облысы Қазығұрт ауданы С.Рақымов ауылдық округінің тұрғыны Айдос Толысбаев өз қаржысымен кәсіп ашып, қос жұмысты дөңгелетіп отыр, деп хабарлайды Azatmedia.kz ақпараттық порталы.
Атап айтсақ, құрылыс жұмыстарына қажетті шлакоблок құйып, одан бөлек тапсырыспен ағаш кесу жұмыстарын жүргізіп жатыр.
Аталған жұмысты отбасылық кәсіпке айналдырған ауыл тұрғыны балаларымен бірге күн сайын 400-500-ге жуық тас кірпіш құйып, жергілікті азаматтардың тапсырысын орындап жүргеніне 2 жылдың көлемі болған.
Ауыл тұрғындарының құрылысына қажетті материалдың әр данасын 90-95 теңгеден сататын азамат еңбекқорлығының арқасында өз жағдайын өзі жасап отыр.
Сонымен қатар, аталған округке қарасты Көкібел ауылының тұрғыны тапсырыспен ағаш аралауды да қосымша кәсіп етіп, отбасының несібесін адал еңбекпен тауып келе жатыр. Күз және қыс мезгілдерінде осы жұмыспен айналысатын азамат ағаштың қатты немесе жұмсақ болына сәйкес әр кубын 2000-3000 теңдеген аралап береді екен.