Соңғы жаңалықтар

Сарыағаш: Жемісті ауылдық округінде құрылыс жұмыстары қарқын алған

Түркістан облысы, Сарыағаш ауданы, Жемісті ауылдық округінің әкімі 2021 жылдың 9 айында және  2022 жылы атқарылатын  жұмыстардың есебінде өңірдегі құрылыс жұмыстары жайында кеңінен тарқатып айтты.

Атап айтсақ, Жемісті ауылдық округі, Тың елді мекеніндегі Т.Тоқтаров негізгі орта мектебінің құрылыс жұмыстарын «АЛЖА» ЖШС-гі  1 млрд 85 млн 505 мың 307 теңгеге ұтып алған. 2020 жылғы құрылыс жұмыстарына 280 млн теңге қаржы қаралған, 2021 жылға 805 млн 505 мың 307 теңге қаржы қаралған. Құрылыс жұмыстарын биылғы жылдың желтоқсан айына аяқтау жоспарланып отыр.

Биылғы жылы Жемісті ауылдық округі, Жемісті елді мекені Б.Момышұлы көшесіндегі және Тың елді мекені М.Маметова көшесінде орналасқан көше жарықтандыру құралдарының жанбай қалған 46 дана жарық шамдарының барлығы бүгінгі таңда электр үнемдегіш шамдарына ауыстырылды.

Жемісті ауылдық округі, Тың елді мекеніне баратын жол бойына және Тың елді мекеніне аялдама салынып, пайдалануға берілді. Жалпы екі дана аялдама салынды.

Биылғы жылдың мамыр айында ауылдағы жасы үлкен қарттардың үйлерінің жанындағы көше бойларына орындық пен қоқыс жәшіктері орнатылды.

Қатысты жаңалықтар

Екі өңірдің аштан қырылған мал иелеріне өтемақы төлене ме?

azatmedia

ШЫМКЕНТТЕ БИЫЛ ӘЛЕУМЕТТІК САЛАДА 19 НЫСАН САЛЫНАДЫ

azatmedia

49 жастағы тележүргізуші мөлдір матадан көйлек киіп, желіні шулатты

azatmedia