Түркістан облысы, Сарыағаш ауданы, Жемісті ауылдық округінде кәсіпкерлік сала жылдан-жылға дамып келеді. Мемлекет тарапынан көрсетілер көмектің игілігін көрген кәсіпкерлік нысандардың да ауқымы кеңейіп, жұмыспен қамту көрсеткішіне оң әсер етуде.
Бүгінде ауылдық округі бойынша жалпы 20 кәсіпкерлік нысан халыққа қызмет көрсетуде. Барлығы салық органдарына тіркелген.
Биылғы жылы инвестиция тарту бойынша 500 млн теңгенің жобасы жоспарланған. Оның 450 млн теңгесі кәсіпкерлік нысандарға, 50 млн теңгесі ауылшаруашылық саласына жоспарланған. Биылғы жылы кәсіпкерлік бағытта 360 млн теңгенің инвеститциясы тартылып, жеке зияткерлік мектеп құрылысы жүргізілді. Ауылшаруашылық саласына 64 млнтеңгелік инвестиция тартылып, жылыжай құрылысы жүргізілді. Бұл ашылған нысандар аудандық статистика басқармасына тіркелген.
Осылайша Жемісті ауылдық округінде кәсіпкерлік сала қарыштап дамып келеді. Бұдан бөлек, кәсіппен айналысқысы келетін азаматтарға да әкімдік тарапынан барынша қолдау көрсетілуде. Мемлекеттік бағдарламалардың да орындалу көрсеткіші жоғары.