Түркістан облысы, Сарыағаш ауданы, Дербісек ауылдық округінде балабақшамен қамту көрсеткіші 86 пайыздан асты, – деп жазады Аnyqtimes.kz.
Сарыағаш ауданы Дербісек ауылдық округі әкімінің 2021 жылдың алғашқы 6 айында жасалған жұмыстары бойынша тыңдалған есебінде аймақ басшысы өңірдегі мектепке дейінгі білім беру ісіне қатысты деректерге тоқталды.
Қазіргі уақытта Дербісек ауылдық округінде «Балапан» бағдарламасы бойынша жалпы 10 жекеменшікбалабақша жұмыс істеп жатыр. Барша санитарлық тазалық жұмыстары өз уақытында жүргізіліп тұрады. Округ бойынша 3–6 жас аралығындағы 1701 бала балабақшамен қамтылған. Яғни балабақшамен қамтылу көрсеткіші 86,5% құрап отыр.
Айта кету керек, Дербісек ауылдық округі Дербісек және Атамекен елді мекендерінен құралған. Халық саны – 17 930 адам. Жер көлемі – 19070 га. Тұрғын үй саны – 2372. Отбасы саны – 2779. Өңірде 16 ұлттың өкілі тұрады.