Түркістан облысы, Сарыағаш ауданы, Дербісек ауылдық округінде жыл басынан бері 34 рет сенбілік ұйымдастырылған, – деп жазады Аnyqtimes.kz.
Сарыағаш ауданы Дербісек ауылдық округі әкімінің 2021 жылдың алғашқы 6 айында жасалған жұмыстары бойынша есебі тыңдалды. Онда өңір басшысы қоршаған ортаны қорғау бойынша нақты қандай шаралардың атқарылып жатқанына тоқталып өтті.
Атап айтсақ, 2021 жылы барлығы 3650 түпкөшет отырғызылған. Жұмсалған қаржы – 180 000 теңге. Тамшылатып суғару және қоршау бойынша сметалық құжат рәсімделіп, аудандық тұрғын үй коммуналдық шаруашылық бөліміне бюджеттік өтінім берілген.
Жыл басынан бері дәстүрлі түрде сенбіліктер де ұйымдастырылып келеді. Атап айтсақ, 6 ай ішінде барлығы 34 рет сенбілік өткізілген. 89 тонна күл-қоқыс жиналған. 2 дана техника, 106 адам жұмысқа жұмылдырып, 8,2 шақырым арық-атыз тазаланған.
Бұдан бөлек қоршаған ортаны таза ұстау бойынша арнайы насихат та жүргізіліп келеді. Халықтың экологиялық сауатын арттыруға бағытталған бастамалар да кезең-кезеңімен жүзеге асуда.