Соңғы жаңалықтар

Түркістанда 5 нысанның құрылысы аяқталды

«Самұрық-Қазына» Қоры әлеуметтік маңызы бар бес нысанды облыс әкімдігіне тегін тапсырды» – деп, хабарлайды Azatmedia.kz ақпараттық порталы. қордың баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Олардың қатарында Х.А. Яссауи мұражайы, 7000 орындық стадион, оқушылар Сарайы, Конгресс-холл және «Қазпошта» АҚ облыстық бөлімшесінің ғимараты бар.

«Жыл басынан бері біз әлеуметтік маңызы бар 6 нысанның құрылысына кірістік. Олардың біріншісі – амфитеатр жыл басында пайдалануға берілді, қалған бесеуін Түркістан облысының әкімдігіне төлеусіз тапсыруға дайынбыз. Құрылыс барысында әкімдік тарапынан айтарлықтай қолдау көрсетілді», – деді Ахметжан Есімов.

Сонымен қатар, Қор өңірде газдандыру, Электр энергетикасы, электрондық коммерция, пошта қызметтері, ақпараттық және коммуникациялық инфрақұрылым саласындағы бірқатар жобаларды іске асыруды жалғастыруда. Әлеуметтік саланы дамытуға және жергілікті халықтың әл-ауқатын арттыруға ерекше көңіл бөлінеді.

Қатысты жаңалықтар

Ауыл мұғалімдерінің жалақысы қайта қаралады

azatmedia

Қытай-АҚШ сауда соғысында қай тарап жеңіп жатыр?

azatmedia

ЖАҢАТАЛАП ТҰРҒЫНДАРЫ ЖОЛДАУҒА ҚОЛДАУ БІЛДІРДІ

azatmedia

Пікір қалдыру