ҚР Денсаулық сақтау министрлігі Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитеті жұмысшылардың еке алған-алмағаны қашан тексеріле бастайтынын айтты, – деп хабарлайды zakon.kz.
Қазақстандықтарды жұмыс орындарында екпе алған-алмағанын тексеру 10 тамызда емес, 2021 жылдың 1 қыркүйегінде басталады, деп хабарлады ҚР Денсаулық сақтау министрлігі СЭБД баспасөз қызметі тілшімізге.
Алматы қаласы санитарлық-эпидемиологиялық қызмет департаменті бастығының орынбасары Сәдуақас Байғабылов еске салғандай, ҚР Бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің 14 шілдедегі No32 қаулысына сәйкес, вакциналау мерзімі анықталды: 10 тамызға дейін – бірінші компоненті және 1 қыркүйекке дейін жұмыс істейтіндер COVID-19 вакцинасының екінші компонентін ( медициналық тұрақты қарсы көрсетілімі барлар және соңғы үш ай ішінде COVID-19 жұқтырғандарды қоспағанда) алып үлгеруі керек.
Демек, жұмысшыларды вакциналау курсының аяқталуын бақылау тек 1 қыркүйектен бастап жүргізілуі мүмкін. Осы уақытқа дейін бұл тексерулерді жүргізу алгоритмін әзірлеу де жоспарлануда, – деді Сәдуақас Байғабылов
Ол тексеру нысаны қызметкерлердің ресми құжаттары болатынын айтты.
Біз вакциналау төлқұжаттарын немесе вакцинаның бірінші компонентін алғаны жөніндегі куәліктерді тексереміз: медициналық тұрақты қарсы көрсетілімі барлығы немесе соңғы үш ай ішінде COVID-19 -бен ауырып кеткендігі туралы анықтамаларды; екпе алмаған жұмысшылардың ПТР-тест нәтижесі туралы анықтамасын (жеті күнде бір рет), – деді Сәдуақас Байғабылов