Соңғы жаңалықтар

Сұлулық байқауының жеңімпазы лауазымды қызметке тағайындалды

Azat-media.kz. Семей қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы бөлімінің бастығы қызметіне «Миссис-2019» байқауының жеңімпазы тағайындалды. Ол мұндай міндетті бұрынғы бастығының жұмыстан босатылуына байланысты уақытша атқаратын болды, – деп жазаады sputnik.kz.

«Диана Шаяхметова 25 қаңтардан бастап Семей қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімінің бастығы қызметіне тағайындалды. Ол екі жыл бұрын «Семей ханымы-2019″ байқауына қатысып, жеңімпаз атанған болатын», – деп жазады облыстық Arnapress басылымы.

Осы кезге дейін Шаяхметова аталған бөлім бастығының орынбасары қызметін  атқарып келген.

34 жастағы келіншек бүгінде төрт баланың анасы.

Ал бөлімнің бұрынғы басшысы Амантай Өтелбаевтың қызметінен босатылуына қатысты әлі ресми ақпарат жоқ. Басылым дерегінде оның Семей қаласының тұрғын үй-коммуналдық секторын дамытуға қосқан үлесі ұшан-теңіз екені айтылған.

Қатысты жаңалықтар

МӘСЛИХАТТЫҢ КЕЗЕКТІ СЕССИЯСЫ ӨТТІ

azatmedia

Туристер санын 10 есеге ұлғайтпақ

azatmedia

ШЫМКЕНТТЕ БИЫЛ МИЛЛИОН ШАРШЫ МЕТРГЕ ЖУЫҚ ТҰРҒЫН ҮЙ ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛЕДІ ДЕП ЖОСПАРЛАНУДА

azatmedia