Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой медициналық қызметкерлерді ауылға жұмысқа тарту шаралары туралы айтты, – деп хабарлайды zakon.kz тілшісі.
Қазір 14 804 медициналық қызметкер ауылдарда жұмыс істейді, елді-мекендерде салынып жатқан нысандарды ескерсек, енді тағы қосымша 3 104 маманды ауылға тарту қажет болады.
Ауылдық жерлерде денсаулық сақтау саласындағы кадрлық ресурстарға болашақтағы сұранысты қамтамасыз ету үшін біз аймақтармен бірге келесі шараларды қарастырдық: көтерме жәрдемақыны 100-ден 1000 АЕК-ке дейін көтеру, жұмыс істеуге келген мамандарды міндетті түрде үймен қамтамасыз ету, ауылдық жерлерде, жалақының біртіндеп өсіру, мысалы 2023 жылы экономика бойынша орташа есеппен 2,5 есеге дейін, – деді Денсаулық сақтау министрі үкімет отырысында.
Оның айтуынша, қабылданған шаралар 2023 жылға қарай ауылдық елді-мекендерді жалпы тәжірибелі дәрігерлерімен және қосалқы мамандармен 100% қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.