Соңғы жаңалықтар

Қазақстан халқының бірлігі күні құтты болсын!

ҚАДІРМЕНДІ ОРДАБАСЫЛЫҚТАР! Сіздерді 1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күнімен шын жүректен құттықтаймын! Бұл мереке барлық ұлт өкілдерінің ынтымақтастығы мен достығының берекесі, бейбітшілік пен тұрақтылықтың және ұлтаралық келісімнің ең басты негізі, рухани дамуымыздың жарқын бір көрінісі болып табылады. Жыл сайын көктеммен бірге көңіл көтеретін мерейлі мереке ауданымыздағы түрлі ұлттардың тілін, салт-дәстүрін және мәдениетін асқақтатып, жүрегімізге жыр, жанарымызға нұр сыйлайды. Бірлік пен тірлік ұштасқан, татулық пен тыныштық қалыптасқан елде береке мол. Атап айтқанда, біздің елімізде ұлттар тұтастығы мен халықтар достығының арқасында мемлекетіміздің маңдайы жарқын, мәртебесі жоғары. “Бірлік бар жерде – тірлік бар” дейді дала даналығы. Бірлік, достық, татулық, ынтымақ – еліміздегі саяси-экономикалық тұрақтылықтың басты әрі негізгі кепілі. Бағындырған белестеріміз бен жеткен жетістіктеріміз ұлтаралық татулық пен ауызбірліктің, шынайы түсіністіктің, ең бастысы – Еліміздің жүргізіп отырған сарабдал саясаттың бір жемісі. Мұның бәрі халқымыздың дархан достығы мен тағылымды татулығының, абыройлы ауызбірлігінің нақты нәтижесі. Ел Тәуелсіздігінің 30 жылдық мерейтойымен және бүгінгі Ынтымақ мерекесімен тағы да құттықтаймын! Әрбір шаңыраққа шаттық, дендеріңізге саулық, бастарыңызға бақ-береке тілеймін! «Бірлік – берекеге, береке – мерекеге жеткізеді»,- деп дана халқымыз айтқандай, 1- мамыр Бірлік күні құтты болсын! Тыныштық пен бейбітшіліктің тал бесігінде тербелген халқымыздың татулығы мен бірлігі нығая берсін, еліміздің болашағы баянды, іргесі берік болсын!Қасымбай Жақанұлы Аудандық мәслихат хатшысы.

Қатысты жаңалықтар

АРНАЙЫ ТОП ӨКІЛДЕРІ ҚОНАЕВ ДАҢҒЫЛЫ ЖАЛҒАСЫНЫҢ II КЕЗЕҢ ЖҰМЫСТАРЫН ПЫСЫҚТАДЫ

azatmedia

Карантин біртіндеп жеңілдетіледі

azatmedia

80 жыл ішінде шашын бес метрге дейін өсірген

azatmedia