Соңғы жаңалықтар

ОРДАБАСЫ: КЕЗЕКТІ ҚОҒАМДЫҚ ҚАБЫЛДАУ ӨТТІ

«Nur Otan» партиясында жергілікті тұрғындардың ең көп келетін жері – Қоғамдық қабылдау бөлмесі.Әлеуметтік бағыттағы түрлі сұрақтардың да «қызуы көтеріліп» жататын жері осы Қоғамдық қабылдау алаңы. Қолға алған істері түрлі себептерге орай тиянақ таппағандықтан «Nur Otan» партиясын арқа тұтып, бір көмектің болатынына сеніп келеді. Бүгін Түркістан облыстық мәслихатының депутаты Бақтияр Мұратұлы Тағаев санитарлық талаптарды сақтай отырып ашық қабылдау өткізді. Халық қалаулысы Бақтияр Мұратұлы аудандық филиалының ғимаратында қоғамдық қабылдауында болған, Темірлан ауылының тұрғыны Г.Тубельбаева жергілікті мекенжай бойынша тіркелу бойынша заң аясында кеңестер сұрады. Екінші қабылдауға келген Көктөбе ауылының тұрғыны Ж.Тынысәлі жылжымайтын мүлікті құжаттандыру бойынша заң аясында көмек сұрады, бұдан бөлек Ынталы ауылын табиғи газбен қамтамасыз ету бойынша да өтініштер түсті. Нәтижесінде:Г.Тубельбаеваның және Ж.Тынысәлінің мәселелері бойынша заң аясында көмектер беріліп, мәселелері оң шешілетін болды және де Ынталы ауылын табиғи газбен қамтамасыз етуі бойынша да бақылауда болып, жауапсыз қалмайтындығын жеткізді.Қоғамдық қабылдауда болған ауыл тұрғындары партия тарапына және де облыстық мәслихат депутатына алғысын білдіріп, жұмыстарына сәттілік тіледі.

Қатысты жаңалықтар

Түркістан: Тұрмысы төмен отбасылар Сарыағаш қаласы әкімдігінің басты назарында

azatmedia

ЖОЛДАУ АЯСЫНДА КӘСІПКЕРЛІКТІ ҚОЛДАУ ТҰСТАРЫ ТҮСІНДІРІЛДІ

azatmedia

ҒАЛЫМЖАН ИЛЬЯСОВ БАСҚАРМА БАСШЫСЫ БОЛЫП ТАҒАЙЫНДАЛДЫ

azatmedia