Бүгін Түлкібас ауданының әкімі Н.Байғұт аудан орталығынан шалғай жатқан елді мекендердегі білім мекемелерін арнайы аралап, жаңа оқу жылына дайындығымен танысты.Түлкібас ауданында жаңа оқу жылында ата-аналардың өтінішіне сәйкес 235 кезекші сынып ашу жоспарланып отыр. Және 20 шағын жинақты білім ошақтары жаңа оқу жылын штаттық режимде бастамақ. Аталмыш мектептерде білім және ғылым министрлігінің бекіткен қағидасы мен бас санитарлық дәрігердің бекіткен талаптарына сәйкес санитарлық талаптар қатаң сақталатын болады.Білім мекемелерін аралау барысында Нұрлан Мархабатұлы интернетке қосылу, ғимараттың сыртқы қоршауы мен қыс маусымына дайындығын және сабақ өтетін сыныптардың материалдық-техникалық базасымен жеке-жеке танысып, анықталған кемшіліктерді жою мақсатында білім бөлімінің басшысы мен мектеп директорларына нақты тапсырмалар жүктеді.Сонымен қатар, Шақпақ-баба елді мекеніндегі қосымша ғимарат құрылысы жүріп жатқан Бреусов мектебінде болған аудан басшысы құрылыс жұмыстарының бүгінгі жай күйімен танысты. Құрылыс алаңын аралап шыққан Нұрлан Мархабатұлы ғимарат құрылысының кемшілік тұстарын ретке келтіру бойынша мердігер мекемемен жауапты бөлім басшысына белгіленген мерзімінде ретке келтіруді тапсырды.