Соңғы жаңалықтар

ОРДАБАСЫ: БІР АЛҚАПТАН ЕКІ-ҮШ ӨНІМ АЛУҒА НИЕТТІЛЕР 3 ЕСЕГЕ АРТТЫ

иыл Ордабасы ауданында 1 алқаптан 2-3 өнім алуға ниетті шаруашылық саны 257-ге жетті. Олар қазіргі таңда 524 гектарға ауыл шаруашылығы дақылдарын егіп, баптауда. Бұл былтырғы көрсеткіштен 3 есеге артық. Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеевтің тапсырмасына сәйкес, Ордабасы ауданында ауыл шаруашылық саласын дамыту жүйелі жүзеге асырылуда. Аудан әкімі Нұрбол Тұрашбеков жердің тиімділігін арттыруды, ағын су мәселесінің шешілуін жіті бақылауына алып, түйткілді мәселелердің тарқатылуын ұдайы назарында ұстап келеді. Бүгін Ордабасылық шаруалар озық технология игілігін көре бастаған дихандардың тыныс-тіршілігімен танысты. Алдымен Қарақұм ауылындағы 15 гектарға тамшылатып суғару әдісін енгізген жеке кәсіпкер Әмзебек Аманжоловпен кездесіп, тәжірибе алмасты. Сондай-ақ, үйіргелік жердің ауласындағы 0,05 га жерге жайғасқан жылыжай жағдайын көрді. Самат Сұлтанов кәсібін «Еңбек» бағдарламасы арқылы алған 555 мың грант қаржысына бастап, екі жылда төрт өнім алып, пайдаға кенелгенін атап өтті. Бөген ауыл округіндегі «Анар» шаруа қожалығы жер өңдеуде былтыр айтулы жетістіктерге жеткен. 5,7 га жерге жүгері мен мақта егіп, жүгеріні гектарынан 110 цн, мақтадан гектарынан 30 центнерден өнім алған. Шаруалардың назарына оңтайлы озық техникалар да ұсынылып, қолданылатын тыңайтқыштар туралы ақпараттар берілді. Сапар соңы аудан әкімінің орынбасары Қыдырбай Сейітқұлдың, ауыл әкімдерінің қатысуымен өткен семинарға ұласты. Семинар барысында аудандық ауылшаруашылық бөлімінің басшысы Әбілдә Әлібеков баяндама жасап, семинарға қатысушылардың сұрақтарына жауап берді.

Қатысты жаңалықтар

ЗОЯ КРАВЧЕНКО – ОБЛАДАТЕЛЬНИЦА ЛИЦЕНЗИИ НА ОЛИМПИЙСКИЕ ИГРЫ

azatmedia

Қыста карантин енгізілсе, «42500» тағы беріле ме? – министр жауабы

azatmedia

Білім ұялары жаңа оқу жылына дайын

azatmedia