Соңғы жаңалықтар

Қажымұқан балуанның дене құрылысының өлшемдері

Қажымұқан өте денелі, алып болғанын жақсы білесіздер. Сондай-ақ, өз заманында атақты балуандардың бірі болып, тарихта қалды. Қажымұқан балуанның 75 жасындағы дене құрылысының өлшемдері.

… Жиырма төрт патшаны араладым,
Палуанды неше таудай жараладым.
Жүрегімді жылытқан қызуы мол,Туған жердей ыстықты таба алмадым! – деп өзі жазып кеткендей әлемді аралап, кездескен балуанның жауырынын жерге тигізіп, атақ пен даңққа бөленсе де, «өзге елде сұлтан болғанша, өз еліңде ұлтан бол» деп, туған жерін, қазағын ұмытпаған балуан.

Қажымұқанның нақты қай жасқа дейін күрескендігі туралы дерек аз. Алайда, белгілі зерттеуші, қазақ күресін індетіп жазып жүрген Елемес Әлімжанов Қажымұқанның ең кіші ұлы Жанәбілмен сыйлас жолдас болған екен. Жанәбіл де өте алып денелі, әкесіне жете тумаса да еңгезердей ерлердің бірі. Жанәбіл бір әңгімесінде «Әкем шау тартқан кезінде де күресіпті, Ресейден және басқа да жерлерден әдейілеп іздеп кеп күрескен кісілер болыпты. Осындай белдесулер алдында әкем сөзге тұйықталып, түнде күбірлеп сөйлеп, дөңбекшіп шығады екен. Өзін-өзі осылай алдағы сынаққа дайындағаны болса керек. Ал күреске шыққан кезде айбаттанып, жігерленіп, шаршауды білмей кететін деп анамның айтқаны есімде» деген екен.
Тарихтан білетініміздей, тұрпаты бөлек, өнері өлмес адамдарға халық ерекше мін берген. Олардың қоғамдағы рөлін, ғажайып өмірін, құбылыс ретінде зерттеу нысанасына айналған. Қажымұқан бабамызды да көрген жұрт таңданысып, жамырасып қалатын көрінеді. Сондықтан ол туралы том-том кітаптар шықпаса да, арнайы зерттеулер жасалғаны анық.
Қажымұқан балуанның жер-жаһанды аралап, үлкен жеңістерге қол жеткізгендігін жақсы білеміз. Әйтсе де, кейбір Қажымұқанның күрескен жылдары мен көрсеткен нәтижесі қосымша анықтау мен зерттеуді қажет етеді.
1. Салмағы – 174 келі.
2. Бойы – 195 см.
3. Төбесінен беліне дейін – 77 см.
4. Белінен аяғына дейін – 113 см.
5. Кеудесінің аумағы – 146 см.
6. Кіндік тұсынан белінің аумағы – 173 см.
7. Жуан санының аумағы – 49 см.
8. Сан жілігінің (тізеге дейін) ұзындығы – 65 см.
9. Балтырының аумағы – 49 см.
10. Балтырының ұзындығы – 58 см.
11. Табанының ұзындығы – 35 см.
12. Аяқ киімі – 54 размер.
13. Шалбарының белі – 220 см.
14. Белдеулігі – 170 см.
15. Жалпақ жауырыны – 60 см.
16. Қолтық еттің жуандығы – 50 см.
17. Қар етінің жуандығы – 47 см.
18. Екі иықтың ені – 56 см.
19. Мойынының жуандығы – 56 см.
20. Бас аумағы – 65 см.
21. Қол саусағының басынан білегіне дейін ұзындығы – 25 см.
22. Ортаңғы саусағының ұзындығы – 14 см.
23. Ортаңғы саусағының жуандығы – 10 см.
24. Үсіңгі және астыңғы еріндері – 12 см.
(Профессор Әуелбек Қоңыратбаевтың дерегі бойынша)
22. Ортаңғы саусағының ұзындығы – 14 см.
23. Ортаңғы саусағының жуандығы – 10 см.
24. Үсіңгі және астыңғы еріндері – 12 см.
(Профессор Әуелбек Қоңыратбаевтың дерегі бойынша)

Дереккөз:  alashainasy.kz

Қатысты жаңалықтар

АРНАЙЫ ТОП ӨКІЛДЕРІ ҚОНАЕВ ДАҢҒЫЛЫ ЖАЛҒАСЫНЫҢ II КЕЗЕҢ ЖҰМЫСТАРЫН ПЫСЫҚТАДЫ

azatmedia

99 пайыз халыққа кең жолақты интернет қолжетімді болады

azatmedia

ПРЕДПРИЯТИЯ СПЕЦИАЛЬНОЙ ЭКОНОМИЧЕСКОЙ ЗОНЫ БУДУТ ОБЕСПЕЧЕНЫ РАБОЧЕЙ СИЛОЙ В РАМКАХ ПРОГРАММЫ «ЕҢБЕК»

azatmedia