Azat-media.kz. Қазақстандық QazСovid-in вакцинасын сынақтан өткізу кезінде ерікті қайтыс болса 500 мың теңге мөлшерінде сақтандыру көзделген. Бұл туралы Tengrinews.kz тілшісіне клиникалық сынаққа қатысатын еріктілердің бірі хабарлады.
⠀
Қатысушының айтуынша, еріктілерге жарты миллион теңге мөлшерінде сақтандыру төленетіні айтылған. Сертификатқа сәйкес, сынақ субъектісінде вакцинация салдарғаннан I, II, III топтағы мүгедектік немесе өлім жағдайы тіркелсе төлемақы беріледі. Сақтандыру 180 күнге (6 ай) жарамды.
⠀
Бұған дейін клиникалық сынаққа қатысқандарға 200 мың теңге көлемінде сыйақы төленетіні уәде етілген. Алайда, салықтар мен әлеуметтік төлемдерді ескерсе, түпкілікті сома шамамен 160 мың теңге.
QazСovid-in қазақстандық вакцинасын клиникалық зерттеу III кезеңнен тұрады және оған 3 мың адам қатысады. Еріктілер Алматы мен Тараз қалаларында қабылданды.
⠀
Вакцина салудың екі кезеңі бар: бірінші дозаны 1-күні, екінші дозаны – 21-күні салады.
Алдынғы жаңалық
Келесі жаңалық