Соңғы жаңалықтар

Қажымұқан қанша келі көтерген?

Бір деректерден батыр бабамыз Балуан Шолақтың өз заманында 51 пұт болатын ауыр тасты көтергенін оқыдым. Бұл рас па? Сондай-ақ Қажымұқан бабамыз қанша көтерді екен?Қазақ күресін, қазақ батырларын зерттеп жүрген ғалым Елемес Әлім­ханұлының еңбектеріне сүйенсек, Балуан Шолақ 20 жасында 51 пұт (1 пұт=16 келі) гір, яғни 816 келіні көтерген екен. Барлығы 816 келі болатын алты тасты біріктірген Балуан Шолақ алдымен тас­тарды жалпақ қайыспен матастырып, мойнына іледі де, тізерлеп отырып денесін жазып алады. Содан соң оң тізесін көтеріп, мойнындағы қайыстан екі қолымен ұстап, «а-ауп» деп тұрып кетеді де, аяғын алшаңдата басып жүре берген екен. Ал Қажымұқанның күштілігіне келер болсақ, батыр бабамыз Баянауылда Субек ұстаның құрметіне бір тоннадан кем емес ауыр тасты әкеліп қойған көрінеді. «Бүгінде сол тас ауылдың күре жолының бойында елеусіз жерде әлі тұр», – деп күрсіне жауап берді Елемес Әлімханұлы. Сондай-ақ Қажымұқан циркте өнер көрсетіп жүрген шағында ерекше трюктар көрсеткен екен. Соның бірі жазушы Сәбит Мұқановтың дерегінде былай деп келтіріледі: «Қажы­мұқанның мықтылығын Омбы циркінде көрдім. Теміржол рельсін түрегеп тұрған қалпында иығына теңдей артып, екі басына он-оннан жиырма кісі мінгізгенде, рельстің екі жағы майысып, иілген бастары жерге тиді. Жуандығы білектей жұмыр темірді беліне орап, қайта жазды. Шалқасынан жатып, төсіне жалпақ қалың тақтайды көпір ғып төседі де, екі қолымен екі тізесін көпір қып, «көпір» арқылы пар атқа жегілген әрқайсысында 100 пұттан екі-үш арба өткізді».

Осы орайда тағы бір алып күш иесі, Қажымұқанның замандас досы Қайдар Оспановтың вагонның 1600 келі болатын дөңгелегін көтергенін айта кетуіміз керек.

Қайсар ЫСҚАҚОВҚызылорда қаласы.  Адырна.

Қатысты жаңалықтар

В ШЫМКЕНТЕ СЛУЖБА «103» ПОДКЛЮЧИЛАСЬ К СИСТЕМЕ QR – КОДА

azatmedia

Қытайлық әскери ұшақтардың басып кіргені белгілі болды

azatmedia

ШЫМКЕНТТІК ХҚО-ДА ДАЙЫН ҚҰЖАТТАРДЫ ЖЕТКІЗУ ҚЫЗМЕТІ ІСКЕ ҚОСЫЛДЫ

azatmedia